«Ілияс осы үйді Марсбекке сатқан»: Руслан Өтепбай Назгүл мен Құндыздың үйіне қатысты мәлімдеме жасады
2022 жылдың жаз айында Ілияс Сариев «Елге көмек» қайырымдылық қорының атынан Алматы облысы, Қарасай ауданы, Кемертоған ауылынан 10 мұқтаж жанға тегін баспана береміз деп, елден садақа жинаған. Оның ішінде апалы-сіңілі Құндыз бен Назгүлге баспана беру жоспарланған, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл бастаманың нәтижесін білу үшін журналист Руслан Өтепбай Алматы қаласы Қарасай ауданында салынып жатқан баспанаға барған.
Журналист құрылыс жанында жүрген адамнан «Осы үйдің иесі кім?» деп сұрағанда «Марсбек» деген жауап алған.
Әріқарай журналист «Ілияс, осы үйді Марсбекке сатқаны анық па?»деп анықтау үшін тиісті мекемеге хабарласады.
«100 пайыз. Құжаттарды бәрін өткізіп, нотариус арқылы санап берген»,- делінген жауапта.