Әлеумет

ІІМ азаматтарды киберқылмыстар туралы хабардар ету жұмысын күшейтті

Ішкі істер министрлігі интернет-ресурстар мен цифрлық сервистерді пайдалану кезінде сақтық шаралары туралы халықты ақпараттандыру бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

«Қазақтелеком» АҚ және «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-мен ынтымақтастық аясында ауқымды хабарландыру жүзеге асырылды: Tele2 және Altel ұялы байланыс абоненттерінің 7,8 миллионнан астам пайдаланушысына киберқауіпсіздік бойынша негізгі шараларды еске салатын SMS-хабарламалар жолданды», - делінген хабарламада.

Аталған акцияның мақсаты — интернет-алаяқтықтың алдын алу және азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру.