Әлеумет

Игі істер марафоны: 38 мыңнан астам адам қайырымдылық шараларға қатысты

Қазақстанда игі істер марафоны жалғасуда. Дәстүрлі жалпыұлттық жоба қайырымдылық мәдениеті мен волонтерлікті дамытуға бағытталған, деп хабарлады Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

«Игі істер марафоны» жобасы аясында 4-10 қараша аралығында «Инклюзия» бағытындағы «Мейірімділік апталығы» өтіп жатыр.

Мысалы, 5 қарашада Павлодар облысында өнер мен шығармашылықты пайдалана отырып, психотерапия мен психологиялық түзетуге бағытталған «ART-терапия» акциясы, 6-7 қарашада Алматы облысында мүгедектігі бар адамдарға көмек пен қолдау көрсетуге бағытталған «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы өтеді.

Бүгінгі таңда еліміз бойынша 38 мыңға жуық азамат марафон аясында 4 мыңнан астам игі істер жасады.

Марафон 2024 жылғы 1 желтоқсанға дейін жалғасады.