Әлеумет

Халықтың табысын жақсартуда саннан сапаға көшу маңызды – Олжас Бектенов

Бұл туралы Олжас Бектенов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биыл 9 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды. 

«Мемлекет басшысы өткен аптада экономикалық даму сапасын арттыру мәселеЛеріне арналған кеңесте макроэкономикалық тұрақтылықты нығайту, азаматтардың әл-ауқатын көтеру және инфляция деңгейін төмендету шараларын қабылдауды тапсырды. Президент халықтың табысын жақсартуда саннан сапаға көшудің маңызды екенін атап өтті», -деді Олжас Бектенов.