Халыққа адал қызмет ету басты мақсатымыз - Ерлан Каналимов
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік аппараттың үйлесімді әрі тиімді жұмыс істеуі қажеттігін айтты. Жолдауда айқындалған міндеттер аясында елімізде, елордамызда көптеген жұмыстар атқарылып,нәтижесі байқалуда. Әлеуметтік-экономикалық саладағы реформалар жаңашылдық алып келді. Осы орайда Elorda.info тілшісі Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимовпен елордада жыл ішінде атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер жайында сұхбаттасты.
- Биыл VIII сайланым депутаттары Астана қаласы тұрғындарының тұрмысын, қаланың жағдайын жақсарту бағытында қандай мәселе көтерді және олар қаншалықты оң шешілді?
- Астана қаласы мәслихатының VIII шақырылымына сайланған депутаттар сәуір айының басында жұмысқа кірісті. Өткен 8 айдың ішінде 16 сессия, 60-тан астам мәслихат отырысы өткізілді, депутаттар 200-ден астам сұрақтарды көтерді. Олардың ішінде көліктік инфрақұрылым, тұрғын үй, мектептердің жетіспеушілігі, әлеуметтік және мәдени сала, жолдар, қоғамдық қауіпсіздік, төтенше жағдай және құқық қорғау органдарына қатысты мәселе бар. Жалпы біздің депутаттар қамтымаған сұрақ жоқ деуге болады. Көтерілген сұрақтардың барлығы қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрмысын жақсарту, қолайлы өмір сүру ортасын құруға бағытталған. Қала әкімдігімен бірлесіп, алдағы 3 жылға арналған денсаулық, білім саласы, полиция департаменті, төтенше жағдай департаменті, мәдениет, спорт бағыты бойынша жеке-жеке іс-шаралар жоспарын бекіттік. Алдағы 3 жылда жоспарда көрсетілген міндеттер орындалып, нәтижесін береді деп ойлаймын. Мысалы өткен 7 сайланым депуттары денсаулық сақтау, полиция, ТЖ департаменттерінің жұмысын жақсарту бойынша 2 жылдық жоспар жасаған болатынбыз. Оның нәтижесі көңілден шықты, қаладағы 6 депо күрделі жөндеуден өтеді, полиция қызметкерлеріне қажетті материалдық –техникалық база толықтырылды. Денсаулық сақтау саласы бойынша 16 нысанның 10-на күрделі жөндеу жүргізілді, көліктер мен құрал-жабдықтар алынды. Депутаттар жұмысының нәтижесі болуына көшпелі жиналыс өткізудің әсері бар деп санаймын. Мысалы депутаттар қандай да бір мәселе туындаған нысанға барып, жағдаймен танысып, сол жердегі қызметкерлермен сөйлесіп, сосын барып нақты шешім қабылдайды. Біз өткен 8 айда осындай 120 көшпелі жиналыс өткіздік.
- Қалалық мәслихат депутаттары халыққа жақын болу үшін қандай қадамдар жасады? Сайлаушылар депутаттардың көмегіне жүгіну үшін қайда хабарласуы керек?
Депутаттар халықтың көтерген мәселесіне құлақ асып, сұрақтарын шешуге атсалысады. Барлығының әлеуметтік желідегі аккаунттары бар, бірінші күннен бастап әр депутат халықтың ұсыныс-пікірлері мен шағымын білуі үшін өзінің ватсап желісіндегі нөмірін жариялады және азаматтарды қабылдау кестесін бекітті. Депутаттар екі кестеге сәйкес қабылдау жүргізеді. Мысалы қалалық мәслихат депутаттарының тең жартысы партиялық тізіммен, қалған жартысы бір мандаттық округтен сайланғандар. Партиялық тізімдегі депутаттардың саны 17, оның 12-сі «AMANAT» партиясынан, бесеуі өзге партиялардан. Яғни партиялық тізіммен келген депутаттардың әрқайсысы өз партиясындағы қоғамдық қабылдау бөлімдерінде және әкімдік ғимаратында орналасқан біздің мәслихаттың қоғамдық қабылдау бөлімінде қала тұрғындарын қабылдайды. Бір мандаттық округтан сайланған депутаттарға да мәслихат пен өз округтеріндегі қоғамдық қабылдау орындары арқылы кездесуге болады. Бүгінгі күнге дейін депутаттар 400-ден астам қабылдау өткізді, 800-дей шағымдар мен,ұсыныстар болды, 1600-дей тұрғынды қабылдадық. Бұған қоса әлеуметтік желі арқылы хабарласатындар бар. Әр депутат жұмысында мәслихаттың бекітілген қағидасына сәйкес әрекет етеді. Онда ашықтық, мәслихат отырыстарына қатысу, көшпелі жиналыстарға бару сияқты мәселелер қамтылған. Осы тұста атап өтетін дүние бар. Кейбір адамдар мәслихат депутаты болып отыр, жалақы алса да текке жүреді, менің қалауым бойынша жеке мәселемді шешіп бермеді деп жатады. Кейбірі тіпті әлеуметтік желіде бейпіл сөздер жазып, ар-намысына тиетін комментарий жазады. Бізде мәслихат төрағасы мен екі тұрақты комиссия төрағасы ғана жалақы алады, өзге депутаттарға еңбекақы қарастырылмаған. Алайда депутаттардың ұстанымы - бұл жұмысты біз атқамрасақ қоғам алға баспайды. Оның үстіне ол кісілердің ресми жұмыс орындары бар, бірі бизнеспен айналысады, енді бірі әлеуметтік саладан. Мәслихаттың 34 депутатының әрқайсысы өз саласын жетік меңгерген кәсіби маман, халыққа жанашыр азаматтар деп айта аламын.
Бүгінде қала тіршілігіне қатысты кез келген шешім ашық, жариялы түрде қабылданады, жасырын ештеңе жоқ. Біздің отырыстар, сессиялар толықтай тікелей эфирде көрсетіледі. БАҚ өкілдері мен елордалықтар қарауына барлық жағдай жасалған.
-Ерлан Ермекұлы сіз биыл елордада қоғамдық көлікте жүру ақысы қымбаттамайды деген болатынсыз. Алдағы 2024 жылы да жолақы құны сақталады ма әлде өзгерістер болады ма?
-Әзірге бұл туралы нақты шешім қабылданған жоқ. Жыл соңына дейін қоғамдық көлікте жүру ақысын қымбаттамайды деген болатынбыз, уәдемізде тұрдық. Келесі жылы бұл мәселені қарастырамыз. Астанада автобуста жүру ақысы 2014 жылдан бері өзгерген жоқ. Осы 10 жылдың ішінде жанар май да қымбаттады, құрал-жабдық, саймандардың бағасы да айтарлықтай өсті, сол автопаркте жұмыс істейтін жүргізушілер мен басқа да қызметкерлердің жалақысын өсіру керектігін естен шығармағанымыз жөн. Қазір автобуста жүру ақысының осы шамада тұруы субсидияның арқасында ғана мүмкін болып отыр. Есептеп қарайтын болсақ, 90 теңге деген өте арзан баға, сондықтан алдағы уақытта сәл қымбаттауы мүмкін. Біз 100-200 мың халықты таситын болсақ осы бағаны ұстап тұруға болар еді, бірақ Астанада 1 млн жолаушы автобуспен жүреді, оның 160 мыңы әлеуметтік осал топтар.
- Астаналықтар қоғамдық көлік қызметіне жиі шағымданып жатады. Алдағы жылы бұл мәселелер қалай шешіледі?
Қазір қала әкімі алдағы 15 жылға арналған көлік жүйесін дамыту стратегиясын жасап жатыр. Бізге қоғамдық көліктердің санын ұлғайту ғана емес, автожолдар, айналма жолдар, көпірлер, жаяу жүргіншілерге арналған жерасты және жерүсті өткелдері керек. Стандарт бойынша «жасыл дәліз» болуы керек. Бұл көліктік инфрақұрылымға түсетін жүктемені айтарлықтай азайтар еді. Қазір жолдар тығыз, ал машина көп. Себебі қала тұрғындары қоғамдық көліктің орнына өз машинасымен барып-келгенді қалайды. Бұл астаналықтардың қоғамдық көлікке басымдық бермейтінін көрсетеді. Биылғы қажеттілік 400 автобус болды, қазір 310 келді. Қалғаны келесі жылдың 1 тоқсанында жеткізіледі. Соның арқасында жүзден астам автобустың интервалы қысқарды, кей бағыттар бойынша ыңғайлы кесте жасалды, жаңадан 6 маршрут ашылды. Алдағы жылғы жоспар бойынша тағы 300 автобус алынады.
Келесі жылы бізге жаңа инвестор келіп, «Астана такси» деген жаңа такси жүйесі қызмет көрсетуді бастайды. Бұған дейін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындағы қызмет көрсетушімен келісімшарт мерзімі аяқталды.
- 2018 жылы елордада жаңадан құрылған Байқоңыр ауданына әкім болып тағайындалған болатынсыз. Сол кезде тікелей сіздің бастамаңызбен елордада алғаш рет «Бюджетке қатысу» жобасы басталды. Бұл бағдарлама әлі де жалғасып келеді. Оның тиімділігі қандай, елордалықтар қаланы көркейтуге қаншалықты белсенді?
-«Бюджетке қатысу» деген өте қолайлы бағдарлама болғаны анық. Бірақ бізде ол аулаларды абаттандыруға қатысты жобалармен шектеліп отыр. Негізі бұл сәл басқашалау болуы керек еді. Мысалы Еуропа елдерінде қарапайым тұрғындары арнайы комиссияға келіп, өз идеяларын, ойларын ұсынады. Ұсынылатын идеяға еш шектеу жоқ. Егер комиссия мақұлдап жатса жоба қаржыландырылады. Ал Астана тұрғындары бағдарлама аясында тек абаттандыру жобаларын алып келеді. Дей тұрғанмен көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстарының қарқынды жүріп жатқанын атап өткім келеді. Ойын және спорттық алаңдар жаңартылды. «Бюжетке қатысу» бағдарламасы аясында болашақта басқа салалар да қамтылып, тың жобалар ұсынылса деген тілегім бар.
-Соңғы 2 жылда Астанада тұрғын үй алаптарын дамытуға көңіл бөлініп келеді. Алдағы жылы қандай жұмыстар жоспарланып отыр?
Астанада 16 тұрғын үй алабы бар. Оның төртеуі қаланың ішінде, өзгесі сыртта. 2012 жылы қаланың шекарасы кеңейтілгеннен кейін 12 тұрғын алап қалаға қосылды. Олардың ешқайсында бас жоспар болған емес. Енді 2035 жылға дейінгі қаланың бас жоспары бекітілді. Онда аталған тұрғын алаптардың даму бағыты нақтыланған. Біздің мақсат тұрғын алаптарындағы азаматтар мен орталықта тұратын астаналықтардың жағдайымен тең болуы керек. Тұрғын алаптарда қазір 300 мыңнан астам халық тұрады. Яғни елоралықтардың 5/1 бөлігі шеткері аймақтарда тұрып жатыр. Олар үшін газдандыру, жолдарды жөндеу, қоғамдық көліктер, спортық нысандар мен қоғамдық орындар салу керек. Соңғы жылдары Астана маңын көркейту бойынша ауқымды шаралар атқарылды және бұл жұмыстар келесі жылы да жалғасады. Мәслихат депутаттары қаңтар айының басында 8-9 бастап әр тұрғын алаптарын аралап, тұрғындардың қатысуымен жиналыс өткізеді. Сол отырыста шешімін күткен мәселелер анықталады. Себебі болашақта ол жердегі үйлер сүріліп, орнынан зәулім ғимараттар салына ма жоқ әлде өнеркәсіптік аймаққа айнала ма анықтауымыз керек.
- Сіз үшін депутат болу деген нені білдіреді?
-Депутат болу халыққа қызмет жасау. Ол біріншіден үлкен міндет. Депутат ғана емес, онымен қатар мәслихат төрағасы болу тіптен жауапкершілігі басым жұмыс. Астана тұрғындарының сенімінен шығып, жүктелген тапсырма сапалы орындалуын, қолға алынған тамаша жобалардың жалғасын табуына күш салуымыз керек.
- Жаңа жыл алдында тілегіңіз...
Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Жыл аяқталып, әрқайсымыз қорытындылар жасаудамыз, көптеген адамдар үшін бұл ерекше сәт, үлкен жоспарлар жүзеге асырылды, кәсіби шеберліктің ең биік шыңдарына қол жеткізілді, отбасының әл-ауқаты жақсарды. Жаңа жыл бізге бейбітшілік пен тұрақтылық әкелсін, Қазақстанда тұратын түрлі этностар өкілдерінің өзара түсіністігі мен өзара құрметін нығая берсін! Біздің ортақ үйімізге, қымбатты астанамызға, өркендеу мен амандық тілеймін! Сіздерге, қымбатты жерлестер мен елорда қонақтарына денсаулық, бақыт пен амандық, бейбітшілік пен жақсылық тілеймін!
- Сұхбатыңызға рахмет.
-->- Биыл VIII сайланым депутаттары Астана қаласы тұрғындарының тұрмысын, қаланың жағдайын жақсарту бағытында қандай мәселе көтерді және олар қаншалықты оң шешілді?