Әлеумет

ХҚО-да кейбір қызметтер көрсетілмейді

 9-10 маусым халыққа қызмет көрсету орталықтарында техникалық жұмыстарға байланысты кейбір қызметтер көрсетілмейді, деп хабарлады Elorda.info «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратта айтылғандай, бүгін-ертең мына қызметтер қолжетімсіз болады:

- Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету;

- Еңбек иммигранты ретінде көшіп келушіге рұқсат беру, мерзімді ұзарту және кері қайтарып алу;

- Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға уақытша тұруға рұқсат беру;

- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұруға құжат ресімдеу.

-->

Ішкі істер министрілігінің ақпараттық-өндірістік орталығы техникалық жұмыстар жүргізіп жатыр. Осыған байланысты 9 маусым сағат 14:00-ден 10 маусым сағат 18:00-ге дейін еліміздің бүкіл халыққа қызмет көрсету орталықтарында кей қызметтерді алуға өтінім қабылдау уақытша тоқтатылатынын хабарлаймыз, - делінген хабарламада.