Еуроодақ елдеріне заңсыз жолмен балық экспорттаған қазақстандық жауапкершілікке тартылды
Алматы облысы Қонаев қаласының сотында аса ірі көлемдегі балық өнімін Еуроодақ елдеріне заңсыз жеткізумен айналысқан азаматқа қатысты үкім шықты, деп хабарлады Elorda.info.
2021 жылдың қазаны мен 2022 жылдың қыркүйегі аралығында компания басшысы азамат И. браконьерден заңсыз ауланған балықты сатып алып, Еуропалық Одақтың әр түрлі елдеріне экспорттаған.
Экспортқа рұқсат алу үшін жасанды көксерке өсіруге мүмкіндігі жоқ шаруа қожалығында балықтың шығу тегі туралы жалған құжаттарды пайдаланған. Заңсыз экспортталған балық өнімдерінің жалпы құны 210 миллионнан астам теңгені құрады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
-->2021 жылдың қазаны мен 2022 жылдың қыркүйегі аралығында компания басшысы азамат И. браконьерден заңсыз ауланған балықты сатып алып, Еуропалық Одақтың әр түрлі елдеріне экспорттаған.
Экспортқа рұқсат алу үшін жасанды көксерке өсіруге мүмкіндігі жоқ шаруа қожалығында балықтың шығу тегі туралы жалған құжаттарды пайдаланған. Заңсыз экспортталған балық өнімдерінің жалпы құны 210 миллионнан астам теңгені құрады.
«Сот үкімімен азамат И. ҚК-нің 234-бабының 2-бөлігінің 4-тармағымен кінәлі деп танылып, 210 млн теңге кедендік төлемдерді мемлекет кірісіне өндіре отырып, оған бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды», - деп көрсетті Бас көлік прокуратурасы.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.