Әлеумет

Ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға туристік қызмет көрсетудің ұлттық стандарты әзірленеді

Қазақстанда «Халыққа және жүріп-тұруы шектеулі топтардың ерекше қажеттіліктері бар адамдарына арналған туристік қызметтер» ұлттық стандарты әзірленіп жатыр. Бұл туралы Elorda.info «ҚазСтандарт» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Стандарт туристік қызмет көрсететін ұйымдар үшін жасалған.

Стандарттың негізгі талаптарына мыналар жатады:

1.Ғимараттардың қолжетімділігі: Ғимараттарды барлық пайдаланушыларға қолжетімді болатындай етіп жобалау, салу, қызмет көрсету және басқару. Бұл кедергісіз кіруді, ғимаратта жүру мен эвакуациялау мүмкіндігін қамтиды.

2.Көліктің қолжетімділігі: Жолсапар үшін ерекше қажеттіліктері бар адамдарға бейімделген көлік құралдары пайдаланылуы тиіс. Бұл межелі жерге бару және кері қайтуға да қатысты.

3.Отырғызу және түсіру ыңғайлылығы: Ұшақтар, пойыздар, метро, трамвайлар, автобустар, кемелер және таксилер сияқты, әртүрлі көлік түрлерінен отырғызу және түсіру жүріп-тұруы шектеулі топтар үшін ыңғайлы болуға тиіс.

4.Тіреулер мен сөрелердің параметрлері: Қонақ үйлердегі тіркеу орындары, дүкендердегі сөрелер, билет кассалары мен ақпараттық орындар баршаға қолжетімді болуы тиіс.

5.Маневр жасауға арналған орындар:Қонақ үй нөмірлерінде және басқа да үй-жайлардағы жуыну бөлмесіне, төсекке және басқа орындарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін маневр жасауға арналған орындар болуы тиіс.

6.Нөмірлердегі элементтер мен құрылғылар: Кереуеттер, дәретханалар, душқа арналған орындықтар, багаж орындықтары, сөрелер, жәшіктер, тіректер, айналар, терезелер мен ажыратқыштар ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін ыңғайлы және қолжетімді болуы тиіс.

-->

 «Стандарттың мақсаты барлық жастағы және мүмкіндіктері бар адамдар үшін туристік қызметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады, бұл ерекше қажеттіліктері бар адамдарға өмір сапасын жақсартуға, оларды оңалтуға және сауықтыруға жәрдемдесуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті ҚазСтандарт бас директоры Еркежан Әмірханова.