Енді елімізде бетті тұмшалап жүруге тыйым салынады
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин депутат Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Биылғы бірінші жартыжылдықта Парламентте талқыланып, қабылданған маңызды шешімдердің бірі – көпшілік орындарда бетті тұмшалап жүруге тыйым салу. Бұл ең алдымен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында қабылданып отыр. Оны тек діни бағытта байланыстырып айтады, бірақ олай емес. Жалпы қоғамдық орындарда азаматтардың бетті жауып жүруіне енді белгілі бір шектеулер қойылады»,- деді Ерлан Қарин.