Әлеумет

Елордалық құтқарушылар судағы қауіпсіздік ережесін сақтауға шақырды

Шомылу маусымы кезінде қауіпсіздік ережесін қалай сақтау керек? Бұл туралы онлайн-брифингте елордалық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Азамат Құсайынов айтып берді, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Күн сайын құтқарушылар, полицейлер, еріктілер және жұмыспен қамту орталығының қоғамдық қызметкерлері тұрғындарға шомылуға рұқсат етілген орындар туралы хабардар етеді. Осы арқылы судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы шомылу кезеңін қауіпсіз өткізуді белсенді жүргізетін рейдтік іс-шаралар өткізеді. 

Ол өз сөзінде ресми түрде шомылуға арналған 4 орын бар екенін айрықша атап өтті. Олар: Орталық жағажай, «Три пескаря» демалыс аймағы, «Столичный двор» және Ш.Бейсекова көпірі ауданындағы коммуналдық жағажай. Су айдындарының рұқсат етілген және тыйым салынған учаскелерінің тізбесі «2GIS» картографиялық платформасында орналастырылған. 

Шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау керек. Шомылудан бұрын көлеңкеде 5-10 минут күткен дұрыс. 20 минуттан артық жүзуге болмайды. Қатты салқындаған кезде дененің құрысуы, тыныс алудың тоқтауы, есінің жоғалуы мүмкін. 

-->

Рейдтік іс-шаралардың барысында Полиция департаментімен бірлесіп, 14 әкімшілік хаттама жасалды. Елордалық құтқарушылардың күшімен шомылу маусымы басталғаннан бері шомылуға рұқсат етілмеген учаскелерде 3 адам аман-есен құтқарылды, оның ішінде 1 бала бар, - деді А. Құсайынов. 

Ол өз сөзінде ресми түрде шомылуға арналған 4 орын бар екенін айрықша атап өтті. Олар: Орталық жағажай, «Три пескаря» демалыс аймағы, «Столичный двор» және Ш.Бейсекова көпірі ауданындағы коммуналдық жағажай. Су айдындарының рұқсат етілген және тыйым салынған учаскелерінің тізбесі «2GIS» картографиялық платформасында орналастырылған. 

Шомылу кезеңінде күнделікті 40 құтқарушы, 2 бірлік сүңгуірлік жарақтары бар сүңгуірлер, 6 бірлік жүзу құралдары және Жұмыспен қамту орталығынан 25 қоғамдық қызметкерлер рейд жұмыстарын жүргізеді, - деді спикер. 