Әлеумет

Елордада сарапшылар тұтынушылар құқығын арттыруды талқылады

Астанада тұтынушылар құқығын қорғауға арналған семинар өтті, деп хабарлады Elorda.info

Шарада «Әділет» қоғамының мүшелері бас қосты.  Аталған бірлестік елордада 30 жылдан астам жұмыс істеп келеді. Басқарма төрағасы Еркін Томпиевтің айтуынша, осы уақыт ішінде олардан 100 мыңнан астам тұтынушы құқықтық көмек алған.

Мамандардың айтуынша, тауарлар мен қызметтерді сатып алушылардың құқықтарының сақталмауының басты себебі – құқықтық сауаттылықтың төмендігі.

Оның айтуынша, бұл мәселедегі басты міндет – қоғамда құқықтық мәдениетті дамыту.

Ол мемлекет бұл мақсатқа тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың тәуелсіз қоғамдастықтарына қаржылық қолдау көрсету арқылы қол жеткізе алатынына сенімді.  

-->

Заңгерлер көп, бірақ олар үлкен ақы төлейтін күрделі тапсырмаларды ғана алады, ал тұтынушылардың құқықтарын бұзу көбінесе заңгердің ақысынан төмен тауарлардың төңірегінде кездесіп жатады.  Сондықтан көптеген азаматтар жан-жақты сараптамалық көмекк жүгіне алмай жатады. Сондықтан көп жағдайда олар өз құқықтарын өз бетінше қорғауға мәжбүр, – дейді Астана қаласы заң кеңесшілері палатасының басқарма мүшесі Серік Беркамалов.

Оның айтуынша, бұл мәселедегі басты міндет – қоғамда құқықтық мәдениетті дамыту.

Әрбір аазаматтың негізгі құқықтық білімі болуы қажет. Елімізде әрбір азамат өз құқықтарының сақталуын жіті қадағалай бастағанда, біз кәсіпкерлердің тұтынушыға деген құрметін қалыптастыра аламыз, - деді заңгер.

Ол мемлекет бұл мақсатқа тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың тәуелсіз қоғамдастықтарына қаржылық қолдау көрсету арқылы қол жеткізе алатынына сенімді.  

Тәжірибесі жоқ азаматтар тегін қолдау көрсететін түрлі бірлестіктерге жүгініп жатады. Сонымен қатар, мұндай бірлестіктер ағарту жұмыстарымен де айналысады. Сондықтан бұл салада мемлекеттің көмегі өте маңызды, - деп түйіндеді сөзін Серік Беркамалов.