Елордалық еріктілер ерекше акция өткізді
Халықаралық әйелдер күніне орай «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы елордада «Көктем шуағы» акциясын ұйымдастырды, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Акция аясында еріктілер қоғамдық орындарда астаналық аруларға 600 қызғалдақ гүлін таратты. Осылайша олар әйелдер қауымын қуантып, ееркше көңіл-күй сыйлады.
«Сіздерге көп рақмет. Гүл шоғын алғаныма қуаныштымын. Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен және көктем мерекесімен құттықтаймын», - деді қала тұрғыны Фатима Мәшкенова ризашылықпен.
Іс-шара жыл сайын қала кәсіпкерлерінің демеушілігімен өтеді.
«Бұл нәзікжанды әйелдер қауымына алғыс білдірудің кішкентай, бірақ өте маңызды үлгісі. Гүл шоқтары қыздар қауымына қуаныш сыйлайтыны өте жақсы», - дейі ерікті Диас Тышибаев.