Әлеумет

Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті

Елордада Жұмыспен қамту орталығында әлеуметтік қолдау және әлеуметтік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті, деп хабарлайды Elorda.info.

Кездесуге ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Астана қаласы бойынша өкілі Баян Жалмағанбетова арнайы қатысып, іс-шараның медиаторы болды. Сондай-ақ әлеуметтік мамандар, заңгерлер, Үкіметтік емес ұйымдар өкілдері және тұрғындар қатысты.

Аталған кездесуге келген астаналық Ақбота Есентұрлы мамандарға тұрғылықты мекенжай бойынша тіркеу мәселесі тұрғысынан көптеген қиыншылықтарға тап келіп жүргенін айтты.

Алайда мамандар бүгінгі күні уақытша тіркеуге қоятын орталықтардың жоқ екенін айтты.

Ал Жұмыспен қамту орталығының заңгері Дастан Кәкімжанов заңға енгізілетін өзгерістер бойынша үй жалдап отырған жеке кәсіпкерлер көлеңкелі бизнестен шығып, ресми кәсіппен айналысатын болады. Сол кезде бұл мәселелені реттеуге болатынын, ал бұл өзгеріс биыл өз күшіне енуі мүмкін екенін айтты.

Аталған мәселеге қатысты қоғамдық қор өкілдері де өз пікірлерін білдірді.

Ал «Мансап» орталығының атаулы әлеуметтік көмек бойынша маманы Гүлжан Сәрсенбаева, өкінішке орай,  табыс шекті мөлшерден 1 мың теңге асып кетсе де, ол адам аатулы әлеуметтік көмекті ала алмайтынын айтты. Дегенмен бұл ұсыныстар құзырлы орындарға жеткізіліп, талқыланатынын назарға салды.

Кездесуде бұдан басқа бірқатар мәселелер талқыланды.

-->

Төрт баланың анасымын. Кенже қызымнан мүгедектік анықталды. Сал ауруымен ауырады. Үйде күйеуім ғана еңбек етеді. Мен балалармен отырмын әрі өзім де бүгінде кеселге шалдықтым. Екі бүйрегім ауырып, жиі ауруханаға түсіп қаламын. Астанаға келгелі 10 жылдан бері үй жалдап келеміз. Бүгінде мені қинап отырған -осы тұрғылықты жері бойынша тіркеу мәселесі болып отыр. Осы уақытқа дейін әр адамға 20  мың төлеп, уақытша тіркеуге тұрып келдік. Әрі өзіміз жалдаған үйдің иесі бұған келіспейді, бөлек кәсіпкермен келісімге келеміз. Алайда жеке кәсіпкерлер ауызша келісімді бұзып, бір жылға жеткізбей, өзімізге ескертпей, тіркеуден шығарып тастайды. Ал біз бір жыл бұрын үйдің кезегіне тіркелгенбіз. Тіркеуден үнемі шығып қалу үйдің кезегінен шығып қала беруімізге әкеледі. Осыны қалай шешуге болады? Тұрғылықты жері бойынша, бәлкім, уақытша тіркеуге қоятын орталықтар болмай ма екен? – деді Ақбота Есентұрлы.

Алайда мамандар бүгінгі күні уақытша тіркеуге қоятын орталықтардың жоқ екенін айтты.

Ал Жұмыспен қамту орталығының заңгері Дастан Кәкімжанов заңға енгізілетін өзгерістер бойынша үй жалдап отырған жеке кәсіпкерлер көлеңкелі бизнестен шығып, ресми кәсіппен айналысатын болады. Сол кезде бұл мәселелені реттеуге болатынын, ал бұл өзгеріс биыл өз күшіне енуі мүмкін екенін айтты.

Аталған мәселеге қатысты қоғамдық қор өкілдері де өз пікірлерін білдірді.

-Бұл кісінің басында бірнеше проблема бар екенін көріп отырсыздар. Мәселен, өзі ауруы бойынша квота да ала алмайды, өйткені еш жерде тіркелмеген. Тіркеу болмаса, үй кезегіне тұра алмайды. Атаулы әлеуметтік көмек жайы өз алдына бір бөлек қарайтын мәселе болып тұр. Әлеуметтік көмек алайын десе, мүгедектікке алатын ақшасы шекті мөлшерден асып кетеді де, оны да ала алмайды. Ал ол ақша мүгедек баланың қарақан басынан аспайды ғой. Енді үй алайын десе, төлем қабілеті жоқ отбасылардың санатына жатқызылады.  Осы атаулы әлеуметтік көмек мәселесіндегі даулы жағдайлар қашан реттелер екен? – деді «Бақыт сыйла» қоғамдық қорының төрайымы Перуаш Әбдікәрімова.