Еліміздегі су қоймалары қанша көлемде су қабылдай алады?
Қазіргі уақытта Қазақстанның су қоймалары 25,6 текше шақырым су қабылдай алады. Су қоймаларына 63 текше шақырым су жиналды, бұл айдың басындағы көрсеткіштен 2,9 текше шақырымға артық, деп хабарлады Elorda.info.
Мәселен, Ақтөбе су қоймасына екі тәулік ішінде (27-29 наурыз аралығында) 200 млн текше метр су түсті, яғни су қоймасының жалпы көлемінің 75%-нан артық. Төтенше жағдайдың алдын алу және халықты уақтылы эвакуациялау үшін су қоймасында ең жоғары деңгейден 15 миллион текше метрге артық су жинау туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта Ақтөбе су қоймасындағы су деңгейі тұрақтандырылды.
Бүгінде Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі өзендердің бассейндеріндегі су қоймалары суару кезеңіне дайындалып жатыр. Елдің орталық, солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде тасқын суын қауіпсіз өткізу жұмысы жүріп жатыр, су қоймаларының жұмыс кестесі туралы Төтенше жағдайлар департаменттері мен жергілікті атқарушы органдар сағат сайын хабардар етіледі.
-->Мәселен, Ақтөбе су қоймасына екі тәулік ішінде (27-29 наурыз аралығында) 200 млн текше метр су түсті, яғни су қоймасының жалпы көлемінің 75%-нан артық. Төтенше жағдайдың алдын алу және халықты уақтылы эвакуациялау үшін су қоймасында ең жоғары деңгейден 15 миллион текше метрге артық су жинау туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта Ақтөбе су қоймасындағы су деңгейі тұрақтандырылды.
Бүгінде Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі өзендердің бассейндеріндегі су қоймалары суару кезеңіне дайындалып жатыр. Елдің орталық, солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде тасқын суын қауіпсіз өткізу жұмысы жүріп жатыр, су қоймаларының жұмыс кестесі туралы Төтенше жағдайлар департаменттері мен жергілікті атқарушы органдар сағат сайын хабардар етіледі.
«Жедел ден қою мақсатында біз күнделікті мониторинг жүргіземіз және әкімдіктер мен ТЖД-ны хабардар етеміз. Тобыл-Торғай бассейнінің (Қостанай облысы) ірі су қоймалары 550 млн текше метрден астам су қабылдай алады»,- деді ҚР СРИМ Су шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Гүлмира Имашева.