Әлеумет

Елімізде жол қауіпсіздігін бақылау шаралары күшейтілді

Патрульдік полиция бүгіннен бастап күшейтілген жұмыс режиміне көшті.

Республикалық маңызы бар жолдарда да қызмет күшейтілді. Іс-шара кезінде күн сайын жол қауіпсіздігін 7 мыңнан астам патрульдік полиция қамтамасыз етеді, оның ішінде 1,5 мыңнан астам полицей – қала сыртындағы автожолдарда тәртіпті бақылайды. 

Осы күндері қауіпсіздік белдіктерін тағуға, балаларды ұстайтын құрылғыларды пайдалануға, көлікті басқару кезінде ұялы телефондарды пайдалануға, жаяу жүргіншілер өткелдерінің жүру ережелерін сақтауға ерекше назар аударылады.

Іс-шара осы жылдың 29 ақпанына дейін жалғасады.

-->

«Жол қозғалысына қатысушылардан қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды, ауа райының нашарлауы кезінде сақ болуды және елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды сұраймыз», – деді  ІІМ баспасөз қызметі.