Әлеумет

Елімізде жекелеген ағаш түрлерін экспорттауға тыйым салынады

Қазақстан аумағынан кейібір ағаш түрлерін әкетуге жарты жылға тыйым салынбақ. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланды, деп хабарлады Elorda.info.

Құжат 3 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін 10 маусымнан бастап күшіне енеді.

-->

Қазақстан аумағынан кейібір ағаш түрлерін әкетуге жарты жылға тыйым салынбақ. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланды, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстан Республикасының аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін, - деп жазылған Индустриялық даму комитеті төрағасының бұйрық-жобасында.

Құжат 3 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін 10 маусымнан бастап күшіне енеді.