Елімізде жасөспірімдер үшін Instagram-да арнайы аккаунттар қолжетімді болады
Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Meta компаниясының вице-президенті доктор Саймон Милнермен кездесу өткізді. Кездесу барысында жасанды интеллектіні дамыту, кадрларды даярлау, киберқауіпсіздік мәселелері және балаларды қорғау цифрлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайы талқыланды.