Елімізде өткен аптада 2 904 қылмыс тіркелді
Бұл туралы Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Сонымен қатар ол Жетісу облысындағы автожолдарда «Крис-П» фоторадарлары жұмыс істей бастағанын атап өтті.
-->
Бұл туралы Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Бір апта ішінде 2 904 қылмыс жасалды, оның 1 788-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 10 кісі өлтіруді, 3 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 2 қарақшылық, 26 тонау және 393 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді Шұғыла Тұрлыбек.
Сонымен қатар ол Жетісу облысындағы автожолдарда «Крис-П» фоторадарлары жұмыс істей бастағанын атап өтті.
Үш фоторадар жылжымалы кешені жолдардағы бұзушылықтарды тіркейді. Бұл ретте патрульдік полиция қызметкерлері бұзушылықтарды рәсімдемейді. «Крис-П» деректері Бас прокуратураның әкімшілік құқық бұзушылықтар базасын автоматты түрде толықтырады. Полицейлер автокөлік құралдарының жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға және бірінші кезекте жылдамдық режимін асырмауға шақырады, - деді ол.