Елімізде тек әйелдер мінетін вагондарға сұраныс 2 есе артқан
Жыл басынан бері 70 мыңға жуық жолаушы «әйелдер вагондарында» жол жүру қызметін пайдаланды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе өскен, деп хабарлады Elorda.info ҚТЖ-ға сілтеме жасап.
2021 жылдың басынан бастап 359 мыңнан астам әйел сапарын неғұрлым ыңғайлы әрі қауіпсіз ету үшін «әйелдер вагондарында» жол жүруді таңдаған.
Бүгінгі таңда «әйелдер вагоны» 8 жолаушылар пойызы құрамында бар:
-№77/78 «Алматы-Маңғыстау» №07 купе вагоны;
-№351/352 «Алматы-Өскемен» №10 купе вагоны.
-№45/46 «Павлодар-Түркістан» №09 купе вагоны;
-№37/38 «Маңғыстау-Семей» №06 купе вагоны;
-№47/48 «Атырау-Астана» №06 купе вагоны;
-№33/34 «Ақтөбе-Алматы-1» №06 купе вагоны;
-№4/3 «Астана-Алматы-2» №17 купе вагоны;
-№71/72 «Астана-Шымкент» №10 купе вагоны.
Айта кетейік, бұл вагондарға билеттер тек әйелдерге сатылады және әйел жолсеріктер жұмыс істейді. Сонымен қатар, «әйелдерге арналған вагонда» жеті жасқа дейінгі ер бала жолаушылардың жүруіне рұқсат етілген.