Елімізде шомылуға рұқсат етілген 533 орын анықталды
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Шомылу маусымы кезеңінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз конференциясына ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов қатысты, деп хабарлады Elorda.info.
Еліміздің су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ТЖМ мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, алдағы шомылу маусымында су айдындарында төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту бойынша алдын ала жұмыс басталып, кешенді ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар өткізілуде.
Оның айтуынша, жыл басынан бері еліміздің су айдындарында 44 адам, оның ішінде 6 бала құтқарылған. Бүгінгі күні, өкінішке қарай, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан адамдардың қаза болу фактілері тіркелді, 9 адам, оның ішінде 2 бала суға батып кетті.
ТЖМ азаматтарға судағы қарапайым қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидаларын сақтауға кеңес береді.
-->ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Шомылу маусымы кезеңінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз конференциясына ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов қатысты, деп хабарлады Elorda.info.
Еліміздің су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ТЖМ мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, алдағы шомылу маусымында су айдындарында төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту бойынша алдын ала жұмыс басталып, кешенді ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар өткізілуде.
Бүгінгі таңда елімізде шомылуға рұқсат етілген 533 орын анықталды, оның ішінде 154 коммуналдық, 316 жеке, 63 спорт және туристік мақсаттағы жағажай. Суға шомылу маусымы басталғанға дейін әкімдіктер шомылуға рұқсат етілген 133 орын, оның ішінде 30 коммуналдық және 103 жеке жағажай жасау жоспарлануда. Қазақстанда азаматтар шомылу және демалу үшін пайдаланатын 50 мыңнан астам су айдыны бар. ТЖМ құтқару бөлімшелері кәсіби құтқарушылар қызмет атқаратын азаматтар пайдаланатын су айдындарының 85 учаскесін бақылайды. Биыл министрліктің 70 мобильді құтқару бекеті қойылатын болады. Бұдан басқа, әкімдіктермен және су маңындағы демалыс орындарының иелерімен бірлесіп, министрліктің жедел-құтқару жасақтарында даярлықтан өткен қоғамдық құтқарушылар есебінен 200-ден астам объектілік құтқару бекеті жабдықталуда, - деді Б.Сыздықов.