Әлеумет

Елімізде республикалық «Отбасы ағашы» акциясы өтті

Бүгін, Халықаралық отбасы күніне орай, еліміздің барлық өңірінде «Отбасы ағашы» атты республикалық акция өтті. Акция аясында «Мерейлі отбасы-2025» ұлттық байқауы ресми түрде басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қазақстанның барлық өңірлерінде, қала мен ауылдық елді мекендерде терек отырғызуға арналған жаппай шаралар ұйымдастырылды. Дәстүрлі түрде бұл акция бұрын саябақтардағы «Отбасы – бақыт мекені» атауымен аталған аллеяларда өтетін.

Жыл сайын осы аллеяларға жаңа ағаштар отырғызылады. Бұл – тату әрі берік қазақстандық отбасылардың символы іспеттес.

Акцияның басты мақсаты – отбасылық дәстүрлердің маңызын көрсету, сондай-ақ отбасы институтын нығайту, табиғатты қорғау және қоғамдық бастамаларды дамыту арқылы болашақ ұрпаққа қамқорлық көрсету.

Іс-шараға танымал қоғам қайраткерлері, қоғам белсенділері, сондай-ақ өткен жылдардағы «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары қатысты.