Әлеумет

Елімізде әр балаға 70 мың теңгеден жәрдемақы беріле ме

Мәжіліс депутаты Гаухар Танашева бүгін жалпы отырыста әр балаға 70 мың теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы тағайындауды ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.

Депутат атаулы әлеуметтік көмекті алып тастап, жаңа әлеуметтік жәрдемақы тағайындауды сұрады. Оның айтуынша, бұл әлеуметтік пробламаларды шешеді.

Осындай отбасыларды қолдау деңгейін көтермейінше, мынандай жағымсыз салдардан арылмаймыз деп отыр:

- бала туудың төмендеуі; 
- ерлі-зайыптылар арасындағы ажырасу санының ұлғаюы;
- болашақта еңбек ресурсы тапшылығының туындауы;
- қоғамда әлеуметтік шиеленістің өршуі,  кедейліктің өсуі, Қазақстандағы ауқатты адамдар  мен әлеуметтік осал топтар арасындағы алшақтықтың артуы.

Гаухар Танашева мұнда инфляцияның тұрақты өсуі, экономикалық тұрақсыз жағдай, тұрғын үйдің жоқтығы және халықтың осы санатындағы адамдардың тұрақты жұмыспен қамтылмағаны ескерілмеген деп айтты.

-->

Біз ең төменгі жалақы мөлшерінде әр балаға 70 мың теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы тағайындауды қарастыруды ұсынамыз. Мысалы, 4 балаға берілетін жәрдемақы 280 мың теңгені құрайтын болады. 2 балаға 140 мың теңге тағайындалады. Қазіргі уақытта 4 бала 55 340 теңге жәрдемақы алады. Әр балаға айына 13 826 теңге бөлінеді. Бұл әлеуметтік қолдаудың ақылға қонымсыз мөлшері, - деді ол.

Гаухар Танашева мұнда инфляцияның тұрақты өсуі, экономикалық тұрақсыз жағдай, тұрғын үйдің жоқтығы және халықтың осы санатындағы адамдардың тұрақты жұмыспен қамтылмағаны ескерілмеген деп айтты.

Бүгінгі таңда халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған жәрдемақыны қалыптастыру саясаты тұтастай алғанда халықтың осы санатының қажеттілігін қанағаттандырмайды.  Осы саладағы мемлекеттік органдар жүргізетін реформалардың барысы туралы толық ақпарат беруді, сондай-ақ АӘК және 18 жасқа дейінгі бірыңғай балалар жәрдемақысын есептеу әдістемесін қарауды сұраймыз, - деді ол.