Елімізде «Ұлттық кітап күні» челленджі бастау алды
Қазақстанда Ұлттық кітап күні қарсаңында жаңа челлендж басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Челленджге қатысу үшін кітап жайлы видео түсіріп, оны әлеуметтік желілерде #Ұлттықкітапкүні хэштегімен жариялап, Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми парақшасын белгілеу қажет.
Бұл челлендж қазақстандықтар арасында кітап оқуды насихаттау мақсатында бастау алды.