Әлеумет

Елімізде әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесі көтеріледі

Қазан айының соңғы жексенбісінде Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Бүгінде республикада әлеуметтік қорғау саласында 35 мыңнан астам адам еңбек етеді, деп хабарлады Elorda.info

Әлеуметтік кодекс аясында әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесі өседі. Осы мақсатта оларды оқыту және оларға санаттар бере отырып, одан әрі сертификаттау көзделген. Ал 2025 жылдан бастап әлеуметтік қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізіледі.

Халықты әлеуметтік қорғау саласында жұмыс істейтін 35 мың маманның ішінде медицина қызметкерлері, арнайы педагогтар мен әлеуметтік қызметкерлер арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Еліміз бойынша әлеуметтік қызметкерлер саны 12 704 адамды құрады, оның 1 251-і үкіметтік емес секторда жұмыс істейді.

Айта кетейік, 2021-2023 жылдар аралығында әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы кезең-кезеңімен арттырылды. Нәтижесінде әр қызметкердің жалақысы 2 есе өсті.

-->

Әлеуметтік кодексті іске асыру аясында әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру көзделеді. Оқу аяқталғаннан кейін кәсіптік дағдыларға сәйкес санаттар беріле отырып сертификатталады. Сондай-ақ әлеуметтік қызметкерлер тізілімін құру көзделген, бұл мүгедектігі бар адамдардың өздеріне қажетті маманды таңдауға мүмкіндік береді. 2025 жылдан бастап әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби деңгейі мен орындалатын жұмыстардың күрделілігін ескере отырып, оларға еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілетін болады, - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратында. 