Елімізде ерекше қажеттіліктері бар қанша адам тұрады
Республикада ерекше қажеттіліктері бар 711,8 мың адам тұрады, деп хабарлады Elorda.info.
Мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірінші кезектегі міндеттерінің бірі. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда халықтың осы санатын әлеуметтік қолдау шаралары күшейтілетін болады.
Бүгінгі таңда Қазақстанда тұратын 711,8 мың мүгедектігі бар адамның 420 мыңы еңбекке қабілетті жаста (58%), 187,5 мыңы зейнеткерлік жаста (26,3%) және 104,3 мыңы 18 жасқа дейінгі балалар (14,6%).
Мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтерді 731 мемлекеттік ұйым ұсынады, оның ішінде:
- стационарлық үлгідегі 116 мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекеме;
- 80 мемлекеттік күндізгі орталықтар;
- 32 мемлекеттік оңалту орталығы;
- үйдегі 503 әлеуметтік көмек бөлімшесі.
-->