Әлеумет

Елімізде Еңбек күні қалай аталып өтіледі?

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері биыл Еңбек күніне орай өткізілетін іс-шаралар туралы хабардар етті, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстанда 2013 жылдан бері жыл сайын қыркүйектің әр соңғы жексенбісінде Еңбек күні аталып өтіледі. Биыл бұл айтулы күн 24 қыркүйекке тұспа-тұс келіп отыр. Еңбек күні – бұл күнтізбедегі еңбек мерекесі ғана емес, сонымен қатар жұмыс өңірінің сапа көрсеткіші. Ал еңбек өңірінің сапасы дегеніміз – тұрақты жұмыспен қамту, қауіпсіз жұмыс ортасы, еңбекақының лайықты деңгейі, әлеуметтік кепілдіктер.

Еңбек күнін мерекелеу аясында үздік еңбек әулеті мен өндірістің үздік жұмыскерлерін анықтауға бағытталған жыл сайынғы «Еңбек жолы» республикалық конкурсы өткізіледі. Биыл 591 өтінім қабылданды.

Байқаудың республикалық кезеңінің жеңімпаздары 22 қыркүйекте салтанатты рәсімде жарияланады. Жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталады.

Өз кезегінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет республикалық және өңірлік деңгейде еңбек адамын насихаттау мақсатында ауқымды ақпараттық жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.  

-->

Еңбек күнін мерекелеу дәстүрі әлемдік тренд, әлемнің 100-ден астам елі бұл күнді айрықша атап өтеді. Ал бірқатар мемлекеттерде ол мемлекеттік мәртебеге ие. Еңбек құндылықтарын ілгерілету мақсатында осы мейрам қарсаңында бірталай шара өткізіледі, - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов.

Еңбек күнін мерекелеу аясында үздік еңбек әулеті мен өндірістің үздік жұмыскерлерін анықтауға бағытталған жыл сайынғы «Еңбек жолы» республикалық конкурсы өткізіледі. Биыл 591 өтінім қабылданды.

Өңірлік кезеңнің жеңімпаздарын өңірлер әкімдері орынбасарларының төрағалығымен комиссиялар айқындайды және салтанатты түрде марапатталады. Бірінші орынды иеленгендер конкурстың республикалық кезеңіне қатысады. Конкурстың республикалық кезеңінің жеңімпаздарын Еңбек министрлігінің жанындағы комиссия айқындайды. Ол комиссия құрамында Парламент депутаттары, қоғамдық келісім мен әлеуметтік әріптестік өкілдері кіреді, – деп нақтылады вице-министр.

Байқаудың республикалық кезеңінің жеңімпаздары 22 қыркүйекте салтанатты рәсімде жарияланады. Жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталады.

Өз кезегінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет республикалық және өңірлік деңгейде еңбек адамын насихаттау мақсатында ауқымды ақпараттық жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.  

24 қыркүйек күні «Хабар» телеарнасында 4 сағаттық телемарафон өтеді. Бұл телемарафонның басты мақсаты – Еңбек күніне орай өндірісте, ауыл шаруашылығында, әлеуметтік салаларда жұмыс істеп жатқан азаматтардың еңбегін көрсету. Бұдан бөлек, Еңбек күнін атап өтуге байланысты телесериалдар, арнайы бағдарламалар шығады, – деді С. Ділдахмет.