Елімізде баспана саудасы 64 пайызға азайған
Елімізде баспана саудасы 64 пайызға азайған, деп хабарлады Elorda.info.
Өткен айда пәтер сату-сатып алу көрсеткіші бірден 64 процентке төмендепті, деп жазады Qazaqstan.tv. Сарапшылар бұған қол жетімді ипотекалық бағдарламалардың жоқтығы себеп дейді.Жұрт пайызы жоғары ипотеканы рәсімдегісі келмейді, сәйкесінше сауда тоқтап тұр. Ал «7-20-25» бағдарламасына лимит енгізілгені белгілі. Жылжымайтын мүлік нарығының сарапшылары бұл шаршы метр бағасына айтарлықтай әсер ете қоймайды дейді. Өйткені сұраныстың азайғанына қарамастан баға біршама қымбаттаған. Десе де нарыққа оң әсер ететін тұстары бар.
-->Елімізде баспана саудасы 64 пайызға азайған, деп хабарлады Elorda.info.
Өткен айда пәтер сату-сатып алу көрсеткіші бірден 64 процентке төмендепті, деп жазады Qazaqstan.tv. Сарапшылар бұған қол жетімді ипотекалық бағдарламалардың жоқтығы себеп дейді.Жұрт пайызы жоғары ипотеканы рәсімдегісі келмейді, сәйкесінше сауда тоқтап тұр. Ал «7-20-25» бағдарламасына лимит енгізілгені белгілі. Жылжымайтын мүлік нарығының сарапшылары бұл шаршы метр бағасына айтарлықтай әсер ете қоймайды дейді. Өйткені сұраныстың азайғанына қарамастан баға біршама қымбаттаған. Десе де нарыққа оң әсер ететін тұстары бар.
Қазір құрылыс компаниялары сұранысты қайта арттыру үшін түрлі ұсыныстар жасап жатыр. Мәселен пәтерді алғашқы жарнасыз бөліп төлеуге алу мүмкіндігі пайда болды. Екінші деңгейлі банктермен бірігіп өзге де акцияларды ойлап тауып жатыр. Сондықтан баға қазір тұрақталғанымен шаршы метр құны инфлациямен бірге шарықтай береді, - деді Жылжымайтын мүлік федерациясының басшысы Ермек Мүсірепов.