Әлеумет

Елімізде «Балаларды суда қорғаңыздар» республикалық акциясы басталды

Төтенше жағдайлар министрлігі жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бір апталық «Балаларды судан қорғаңыздар» республикалық акциясын бастады, деп хабарлады Elorda.info.

Биыл шомылу маусымы басталғаннан бері еліміздің су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Құтқарушылар 160 адамды, оның ішінде 44 баланы құтқарды.

25 шілде – Дүниежүзілік суға батудың алдын алу күні. Осы күнге орай аталмыш өңірлердің құтқарушылары кезекті рейдке шығады. Патрульдеу кезінде жабдықталмаған және тыйым салынған жерлерде демалушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

БҰҰ сарапшыларының бағалауына сәйкес жыл сайын әлемде 236 600 адам суға батып қайтыс болады. Ол 1-24 жас аралығындағы балалар мен жастардың өлімінің жетекші он себебінің бірі болып табылады. Суға бату салдарынан болатын өлімнің 90%-дан астамы өзендер мен көлдерде болады. Көбінесе ауылдық жерлердегі балалар мен жасөспірімдер суға батып қайтыс болады.

Қазақстанда соңғы 10 жылда су элементімен 2 240 адам, оның ішінде 701 бала қаза тапты.

-->

Алайда 112 қызмет телефонына судағы жазатайым оқиғалар туралы хабарлама келіп түсуде. Мәселен, шомылу маусымы басталғаннан бері 93 адам, оның ішінде 35 бала суға батып кетті. 2023 жылы осы кезеңде 106 адам, оның ішінде 31 бала суға батып кетті. Осылайша адам өлімі 19%-ға азайды, алайда су айдындарында балалар өлімінің 11%-ға өсуі байқалады. Кәмелетке толмағандардың қаза болу фактілері Атырау, Қостанай, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Абай облыстарында тіркелді, - делінген хабарламада.