Әлеумет

Елімізде архив қызметкерлерінің еңбекақысы 25%-ға көбейеді

Келесі жылдан бастап аудандық және ауылдық деңгейдегі архив қызметкерлерінің еңбекақысы 25%-ға көбейеді. Мәжіліс депутаттарының айтуынша, «ұлттық» мәртебесі бар архив қызметкерлері үшін ең төменгі жалақы мөлшері шамамен 300 мың теңге болады.

Бұл өзгеріс ол жердегі қызметкерлердің айлығына оң әсер етіп, 1,75 коэффициентпен жоғары жалақы алуға жол ашады.

"25%-ға өсетіндер аудандық архивтерде істейтін 1012 адам алады. Олар бұған дейін 150-260 мың теңге аралығында алып келген", - дейді Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің басқарма басшысы Ибраим Бабаев.

Сонымен қатар Алматы мен Астанадағы мемлекеттік архивтерге «ұлттық» мәртебе берілмек.

Екі архивке ұлттық статус беріледі. Бірі - Астанадағы ұлттық архив. Оның аты бар, статусы жоқ, екіншісі Алматыдағы орталық архив. Екі архивте істейтін қызметкерлердің ең төменгі жалақысы 300 мың теңге болады, - деді депутат Елнұр Бейсенбаев.