Елімізде қанша ұлт өкілі тұрады
Бүгінгі таңда Қазақстан халқының саны 19 808 430 адамға жетті, деп хабарлады Elorda.info Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Оның ішінде 70,6% – қазақтар, орыс халқының үлесі – 15,1%, өзбектер – 3,2%, украиндар – 1,9%, ұйғырлар – 1,5%, немістер – 1,1%, татарлар – 1,1%, әзербайжандар – 0,7%, кәрістер – 0,6% және басқа ұлттар.
Қазақтардың ең көп саны Түркістан облысында – 1,5 млн, орыстардың жалпы санынан көпшілігі Алматы қаласында тұрады – 428 мыңы, өзбектер Түркістан облысында – 378 мың адам, украиндар Қостанай облысында – 86 мың, 297 мың ұйғырдың басым бөлігі Алматы облысында – 120 мың адам.
Біздің елімізде гагауздар, лезгиндер, құмықтар, аварлар сияқты этностардың да өкілдері бар, Қазақстанда бір шаңырақ астында барлығы 124 ұлт өкілі тұрады.
-->Бүгінгі таңда Қазақстан халқының саны 19 808 430 адамға жетті, деп хабарлады Elorda.info Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.