Әлеумет

Елімізде қандай мүліктерге сән-салтанат салығы енгізіледі

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар бірінші оқылымда Салық кодексінің жобасы мен оған салық салу мәселелері бойынша ілеспе түзетулерді талқылап жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин сән-салтанат салығына тоқталып өтті.

Біз «сән-салтанат салығы» деп аталатын тауарлардың жекелеген санаттарына жоғары салық салуды ұсынамыз. Ол үшін жылжымайтын мүлік құны 450 миллион теңгеден асатын болса, мүлік салығының мөлшерлемесін ұлғайту ұсынылады. Сондай-ақ құны 75 миллион теңгеден асатын жеңіл автомобильдерге, сондай-ақ қымбат теңіз кемелері мен ұшу аппараттарына акциздер енгізу жоспарлануда. Әділдік мақсатында қымбат алкогольдік сусындар мен сигараларға 10% акциздер ұсынылады»,- деді Серік Жұманғарин.