Елімізде 2 бағыт бойынша қала маңы маршруттары іске қосылды
«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Шар – Семей» және «Ақтоғай – Аягөз» жаңа әлеуметтік маңызы бар қала маңы маршруттарын іске қосты, деп хабарлады Elorda.info.
N°6834/6833 «Шар – Семей» электр пойызы сейсенбіден басқа аптасына 6 рет жүреді. Билет құны 557 теңгені құрайды. Шардан жолға шығу уақыты - 06 сағ: 25 мин. және Семей қаласына келу - 09 сағ. 14 мин. Кері бағытта пойыз сағат 17:42-де жөнелтіледі және Шар станциясына сағат 20:19-да келеді.
«Ақтоғай – Аягөз» бағытындағы N°6824/6823 қала маңы пойызы сейсенбі мен сәрсенбіден басқа аптасына 5 рет жүреді. Билет құны 650 теңге. Ақтоғайдан сағат 06:35-те шығады және Аягөзге келуі - сағат 09:11-де. Кері бағытта пойыз сағат 17:00-де жөнелтіледі және Ақтоғайға сағат 19:45 - те келеді.
Маршруттар жолаушыларға ыңғайлы кестелерді ұсына отырып, басқа көлік түрлерімен салыстырғанда ең қолжетімді, жыл бойы және маусымдық төмен тарифті көлік түрін ұсынады. Билеттерді брондау және маршруттар туралы қосымша ақпаратты bilet.railways.kz сайтынан алуға немесе вокзал кассаларында білуге болады, - делінген «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.