Елімізде 100-ден астам оқушы экологияны жақсартатын жоба ұсынады
5-8-сынып оқушыларына арналған «ProEco» республикалық экологиялық жобалар байқауы басталды. Оған еліміздің барлық өңірінен 100-ден астам оқушы қатысады, деп хабарлады Elorda.info.
Конкурс ұйымдастырушыларының айтуынша, байқау оқушыларды әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеп, экологиялық сауаттылықты арттырып, мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және грамоталармен марапатталады.
Конкурс ережесі www.daryn.kz сайтында қолжетімді.
-->5-8-сынып оқушыларына арналған «ProEco» республикалық экологиялық жобалар байқауы басталды. Оған еліміздің барлық өңірінен 100-ден астам оқушы қатысады, деп хабарлады Elorda.info.
Конкурс ұйымдастырушыларының айтуынша, байқау оқушыларды әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеп, экологиялық сауаттылықты арттырып, мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
Қатысушылар төрт бағыт бойынша жұмыстарын ұсынады. «Туған өлке табиғаты», «Мені қоршаған әлем – ғажайып әлем», «Үздік экологиялық бастама», «Таза қала сізден басталады». Ережеге сай жеңімпаздар мен жүлдегерлер жас ерекшеліктеріне қарай 5-6 және 7-8-сынып аралығында анықталатын болады, - деді «Дарын» РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және грамоталармен марапатталады.
Конкурс ережесі www.daryn.kz сайтында қолжетімді.