Әлеумет

Еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған виза жасау керек – Дәулет Мұқаев

Елімізде еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған виза жасау керек. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысынан соң депутат Дәулет Мұқаев айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Айта кетейік, Оңтүстік Кореяда депортациялық рейісті күтіп отырған екі қазақстандық Инчхон әуежайынан қашып кеткен болатын. Сыртқы істер министрліігі мәліметінше, оларға Корея Республикасына кіруге рұқсат берілмеген. Алайда олар депортациялық рейісті күтпей халықаралық әуежайдан заңсыз қашып кеткен болатын.

-->

Кореяда болған жағдайға қатысты айтар болсам... Қандай да бір қазақ азаматы шетелге шыққан кезде ол ұлттың айнасы болады. Ол елге, жерге, ұлтқа емес, керісінше біздің Қазақстанды көрсетеді. Сондықтан Корея билігі тарапынан Қазақстанға деген көзқарасы кішкене өзгеруі мүмкін. Өйткені тағы да хаттар келіп жатыр. Онда «Жұмыстан қуып жатыр»,  «Жұмысқа алмай жатыр» деп жазылған. Меніңше, бұл да уақыт өте келе шешілетін нәрсе деп ойлаймын.Ал еңбек визасын жасау керек деп есептеймін, - деді Дәулет Мұқаев Мәжілістің кулуарында.