Еңбек инспекторлары 28,4 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады
Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 239 кәсіпорны 3,5 мыңнан астам жұмыскерге 1,3 млрд теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 4 мыңнан астам фактісі анықталды.
Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 2 287 ұйғарым берілді және 277 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде
3,4 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 1,1 млрд теңге төленді.
Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.
2025 жылғы 1 тамыздағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 3 514 тексеру жүргізді, оның барысында 4 132 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 3 465; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 648; халықты жұмыспен қамту бойынша – 19.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 25 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.