Әлеумет

Депутаттар оқушылар арналған «Абай абонементін» енгізуді ұсынады

Депутаттар – ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және білім мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына бастамашылық жасады, деп хабарлады Elorda.info

Заң жобасы Парламентаризм институтының қатысуымен әзірленді.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» екінші отырысында «Балалар кітапханасы» жаңа бағдарламасын іске асыруға тапсырма бергені белгілі. Президент идеология жұмысындағы басты бағыттың бірі кітап басып шығару ісі екенін атап өтті. 

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында мәдениет қызметкерлерін, атап айтқанда, кітапхана, мұражай, театр қызметкерлері мен әртістерді қолдаудың маңыздылығын атап өтті. 

Қазақстанның кітапхана желісіне мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау және басқа салалар кітапханалары кіреді. Сонымен қатар, мәдени құндылықтарды дамыту және сақтау бойынша ортақ мақсаттарға ие бола отырып, осы ұйымдардың қызметкерлері қамтамасыз етудің әртүрлі мәртебесі мен деңгейіне ие. 

Заң жобасы бар құқықтық олқылықтарды жою арқылы білім беру және кітапхана ісі саласын нормативтік-құқықтық реттеуді жетілдіруге бағытталған. Ұсынылған нормалар педагог-кітапханашының мәртебесін анықтауға қатысты. 

Сонымен қатар, заң жобасында оқушыларға театр қойылымдарына тегін қатысуға мүмкіндік беретін «Абай абонементін» енгізу ұсынылады, бұл балалардың мәдени деңгейін арттыруға ықпал етеді.

-->