Әлеумет

Депутат әуе компаниялары кешіккен рейстер үшін қанша өтемақы төлейтінін айтты

Тасымалдаушы тарап ұшақ, пойыз, автобус құралдарын кешіктірген әр сағатқа билет құнының 3% өтемақы ретінде қайтаруы тиіс, деп хабарлады Elorda.info

 Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев биылғы жылғы қаңтардан бері қолданысқа енген ҚР  "Көлік туралы заңындағы" өзгерістер туралы өзінің Facebook парақшасында жазды.

 Депутат жазбасында кезінде осы заңның қабылдануына өзінің де табанды түрде атсалысқанын айтады. Оның жазуынша жақында әріптесі Еділ Жаңбыршин екеуі Ақтауға ұшу кезінде де Эйр Астана әуе компаниясы тарапынан рейстің кешігіп ұшу жағдайы орын алған. 

Сонымен қатар ол осы заңды әрбір жолаушы қалай пайдалануға болатындығы жөнінде өз тәжірибесімен бөлісті.

Сонымен қатар ол өзі ұшып келген бір ғана  рейстің барлық жолаушысы дәл осылай шағым түсіріп, құқығын талап етсе,  әуе компаниясы шамамен 1,5 млн теңгеге жуық өтемақы төлеуге мәжбүр болатындығын, бұл әуе компанияларына сабақ болар еді деген ойын жазды. 

-->

Отандық әуе компанияларының осы жауапсыздығына зығырданым қайнап жүретін. Былтыр Мәжіліске келген көп заңның бірі - дәл осы тақырыпқа қатысты "Көлік туралы заң" болды. Жиі ұшамын, кешіккен ұшақтың кесірінен талай аузым күйді, көптеген әріптестер де, азаматтар да жиі айтатын осы мәселені.  Алдымызға келген заңға "тасымалдаушы тарап ұшақ, пойыз, автобус құралдарын кешіктірген әр сағатқа билет құнының 3% өтемақы ретінде қайтаруы тиіс" деген түзетуді Еділ Терекбайұлы екеуіміз ұсындық!  Яғни, ұшақ, пойыз немесе автобус бір сағат кешіксе 3%, екі сағатқа 6%, осылайша қосыла береді. Тіпті, бұлай жалғаса берсе жолаушы билет құнын толық қайтарып алуы да мүмкін. 

Бұл, әрине, тасымалдаушыларға ұнаған жоқ. Алайда, халыққа керек түзету, ел үнемі шағымданатын нәрсе болған соң сөзімізден танбай, айтқаннан қайтпай отырып алдық. Ақыры, Мәжіліс заңға толықтыру енгізді, Сенат мақұлдады, қаңтар айында Президент қол қойды. Сүйтіп, осы жылдың басынан бері бұл заң күшінде!, - деп жазды халық қалаулысы. 

Сонымен қатар ол осы заңды әрбір жолаушы қалай пайдалануға болатындығы жөнінде өз тәжірибесімен бөлісті.

Қадірлі ағайын! Үш-ақ қадам. Қиын ештеңесі жоқ екен, мен кешіккен үш сағаттан астам уақыт үшін билет құнының 10% сомасын қайтарып алдым. 

Бұл үшін не істеу керек? Реті былай:

1) Компанияның ресми сайтына кіресіз. Тікелей сілтеме: help.airastana.com. Осы жерге толық аты-жөніңізді, билет нөмірін, рейс нөмірі, ұшу уақыты қаншаға кешіккені және электрон поштаңызды жазасыз. Яғни, шағым қалдырасыз.       

2) support@help.airastana.com - тұтынушылардың қолдау бөлімінен жауап келеді, "сіздің шағымыңыз тіркелді" деген жауап болады және қосымша анкета жолданады. Осы анкетадағы сұрақтарға жауап бересіз. Аты-жөніңіз бен ақшаны қайтару үшін есепшот нөміріңізді жазасыз. 

3) "Өтінішіңіз бойынша талап еткен өтемақы сомасы сіздің шотыңызға жіберілді" деген хабарлама келеді. Осылайша, Сіз Мәжіліс қабылдаған заңның игілігін көресіз!,-деді мәжілісмен. 

Сонымен қатар ол өзі ұшып келген бір ғана  рейстің барлық жолаушысы дәл осылай шағым түсіріп, құқығын талап етсе,  әуе компаниясы шамамен 1,5 млн теңгеге жуық өтемақы төлеуге мәжбүр болатындығын, бұл әуе компанияларына сабақ болар еді деген ойын жазды. 

Бірақ, сол Едақаң екеуіміз ұшқан рейспен Ақтауға 180 жолаушы келді. Солардың арасынан компанияға шағым түсіріп, өтемақы талап еткен жалғыз мен болармын.  Егер, сол 180 адамның әрқайсысы шағым жасап, кем дегенде 8 - 9 мың теңгеден өтемақы алатын болса, сол күні Air Astana кешіккен бір рейс үшін шамамен 1 440 000 теңгедей өтемақы төлеген болар еді...Әр рейс үшін бір жарым миллион төлеп отыру кімге ұнайды? Келесіде кешікпеуді үйренер еді!,-деп жазды халық қалаулысы.