Әлеумет

Депутат «Ұлттық киім» күнін бекіту туралы ұсыныс айтты

Депутат «Ұлттық киім» күнін бекіту туралы ұсыныс айтты

Сонымен қатар ол республикалық деңгейде «Ұлттық киім» күнін бекіту туралы бастама көтеріп, Үкіметке бірқатар іс-шараны қолға алуды ұсынды.

-->

Сонымен қатар ол республикалық деңгейде «Ұлттық киім» күнін бекіту туралы бастама көтеріп, Үкіметке бірқатар іс-шараны қолға алуды ұсынды.

Біріншіден – ұлттық киімдерімізді ұлықтау мақсатында республикалық деңгейде «Ұлттық киім» күнін бекіту. Бұл күн мәдени құндылықтарымызды кеңінен насихаттап, өскелең ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеудің негізі болар еді. Екіншіден – мемлекеттік қызметкерлер мен халыққа қызмет көрсететін орталық қызметкерлерінің киімдеріне қазақи айдентика элементтерін қосу. Үшіншіден – Ұлттық киім өндіретін отандық кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіп, бизнесті қолдауға бағытталған гранттарда ұлттық киім кәсібіне басымдық беру, халық арасында ұлттық киімді қолжетімді етуге ықпал етіп, сұранысты арттыру. Төртіншіден - мектеп оқушылары киетін ұлттық киімдер стандартын әзірлеп енгізу әрі халықаралық түрлі жарыстарға баратын азаматтардың формаларына міндетті түрде ұлттық нақышты бейнелеу, - деді Дәулет Мұқаев.