Дәулеткерей Кәпұлы: Әлеуметтік желі – қазақ тілінің қас жауы!
Мәдениет және спорт министрлігіне қарап отырмай, Оқу-ағарту ведомствосы Жазушылар одағы бар, басқа да шығармашылық бірлестіктермен бірлесіп, үлкен бағдарламаны қолға алғаны жөн. Әсіресе, көркем әдебиетті насихаттамайынша, кітап оқитын ұлтты қалыптастыра алмаймыз. Әйтпесе көркем әдебиетті оқыған адам өзін-өзі тәрбиелейді. Бұл пікірді белгілі ақын Дәулеткерей Кәпұлы Elorda Life YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Осы орайда ол мектеп кітапханаларын түземей, әдебиеттің бағын аша алмайтынымызды жеткізді.
-->
Осы орайда ол мектеп кітапханаларын түземей, әдебиеттің бағын аша алмайтынымызды жеткізді.
Әбіш көкеміз (Кекілбайұлы – ред) «Адамды адам еткен – кітап, ал адамзат еткен кітапхана» дегенді айтты ғой. Ең алдымен, мектеп кітапханасын түземей, әдебиеттің де, қаламгердің де бағын ашпаймыз. Зиялы қауымды, ешкім зәру емес шығар, дегенмен, ақын-жазушылардың танымалдығын да қалыптастыра алмаймыз. Сөзді, әдеби сөзді түсінбеген, ауызекі тілде ғана сөйлеп, жұмыс істеп қалған адам ертең қазақ тілін маңдытады деп айта алмаймын! Біздің тіліміз жоғалады, ол жұтаңданып болды онсыз да. Әлеуметтік желі – қазақ тілінің қас жауы! Өйткені астарлы сөзді түсінбейтін қазаққа айналдық біз. Екі адам отырса, үшінші адамға білдірмей, астарлап қазақша сөйлесетін қазақ емес пе едік?.. Даудың өзін солай шешетін қазақ емес пе едік?.. ...Өз құндылығымызды өзіміз сақтауымыз керек, - деді Жазушылар одағы Астана филиалының директоры.