Әлеумет

Былтыр елімізде қанша сәби дүниеге келді?

Былтыр Қазақстанда 388,4 мың сәби (403,8 мың – 2022 ж.) дүниеге келді. Оның 51,6% – ұлдар, 48,4% – қыздар. 230,3 мың бала немесе туылғандардың 59% қалалық жерде туылса, қалған 158 мың бала, яғни 41% – ауылдық жерде дүниеге келген, деп хабарлады Elorda.info.

Бала туудың 2023 жылы туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 19,52 құрады, 2022 жылы ол 1000 адамға шаққанда 20,57 болған. Туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында (1000 тұрғынға 26,74 адам), Түркістан облысында (1000 тұрғынға 26,18 адам) және Шымкент қаласында (1000 тұрғынға 25,70 адам) байқалды.

-->

Бала туудың негізгі үлесі 25-29 аралығындағы әйелдерге тиесілі – 29%, 30-34 жас аралығындағыларда – 26%. 20 жасқа дейінгі әйелдер өткен жылы 12,6 мың бала, 50 жастан асқандар 96 баланы дүниеге алып келген. Бұл ретте ананың орташа жасы 2023 жылы 29,7 жасты құрады.

Былтыр дүниеге келген егіздер саны 4 075 (2022 ж. – 4 063) құрады, үшемдер – 48 (2022 ж. – 50), төртем – 1, - делінген Ұлттық статистика бюросының ақпаратында.