Әлеумет

Болашақ жұбайлар неке алдында тренингтен өтеді

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі БҰҰ Халық қоныстану қорымен (ЮНФПА) бірлесіп, некеге тұратын жұптар үшін жаңа тұжырымдама әзірледі, деп хабарлады Elorda.info.

Аталған құжатта отбасылық дәстүрлерді сақтау, отбасын жоспарлау және ерлер мен әйелдердің репродуктивті денсаулығын сақтау мәселелері қаралған. Тұжырымдаманың аясында болашақ жұбайларға неке алдында тренингтер өткізу жоспарланып жатыр.

Әр тренингтің барысында қатысушылар тәуелсіз тақырыптық блоктарды игереді:

- серіктестік және жауапкершілік;

- отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулық;

- құқықтық сауаттылық;

- тұрмыстық зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік;

- қаржылық сауаттылық;

- эмоционалды интеллект және отбасы ішіндегі және одан тыс қарым-қатынас дағдылары.

Некеге дейінгі тренингтен өту туралы шешім қабылдаған ерлі-зайыптылар барлық модульдерді бір күнде игере алады немесе бірнеше күн бойы оқудан өте алады.

Тренингтер оффлайн және онлайн режимінде өткізіледі. 

-->

2023 жылдың соңына дейін ажырасу көрсеткіші жоғары өңірлерде некені тіркеуге өтініш білдірген азаматтарға отбасын жоспарлау және отбасылық психология, репродуктивті денсаулық, бюджетті жоспарлау және басқа да маңызды мәселелерді оқыту бойынша пилоттық жоба іске қосылады. Оқыту тегін түрде өтеді, - деп жазылған ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтында