Әлеумет

Бойдақтардың көбеюіне не себеп: мәһр ме, махаббат па?

Жастардың уақытылы отбасын құрмауына не себеп? Бұл ел демографиясына қаншалықты әсер етеді? Тақырыпқа қатысты мамандар пікірі де әртүрлі, деп хабарлады Elorda.info.

Демографтардың айтуынша, қазіргі жастардың басым бөлігі 30 жасқа таяу алғашқы некесін қияды екен. Ал арнайы сауалнамаға қатысқан 15-24 жас аралығындағы қыздардың шамамен тең жартысы болашақта бір-екі баламен ғана шектелгісі келетінін көрсеткен. 

Сарапшылардың айтуынша, бұл үрдіс кең етек алса, демографиямызға кері әсерін тигізетіні сөзсіз. Демограф Шынар Төлешованың пікірінше, бұның  басқа да кері әсерлері бар. Сонымен қатар, ол мәселенің бірнеше себебіне тоқталып кетті. 

Демографтың бұл ойын әлеуметтанушы Әсем Ибраимова әрі қарай жалғай түсті. Ол жастардың неке қиюға асықпауына ең үлкен әсер етуші фактор – бұл әлеуметтік жағдай екенін айтады. 

Сонымен қатар, әлеуметтанушының айтуынша, батыс мәдениетінің әсерінен қоғамда азаматтық некелер көбейіп келеді. Соның есебінен үйленбегендердің саны көп болып көрінеді. 

Соңғы кезде қалыңмал, сүтақы, той малы, өлі-тірі апару, ілу, сырға салу, тағысын-тағы толып жатқан жоралғыларға «мәһір» деген ұғым қосылды. Мешітте неке қию рәсімінде сұралатын мәһр де көп жігіттерге салмақ салып отырған сыңайлы. Кейбір қалыңдық шамадан артық қымбат көлік, пәтер сұраймын деп көпшіліктің сынына ілігіп жүр. Мешітте мәһрге қымбат көлік сұраған қалыңдығына қолын бір сілтеп тұра жөнелгендер де бар. Осы «Мәһр дегеніміз не, оны беру міндетті ме?» деген сауалдың жауабын дін қызметкерінен сұрап-білдік. 

Муфтият маманының айтуынша, қалыңдық мәһр сұрау кезінде жолдасының әлеуметтік жағдайын да ескергені дұрыс.   

«Кеш үйленуге осы әсер етеді-ау» деген тағы бір мәселе ел ішінде  қалыптасқан «қыз көп те, жігіт аз» деген пікір. Тіпті, «жеті қызға бір жігіттен» деген де алыпқашпа сөздер бар. Бұл пікір, әсіресе, тұрмыс құрмай жүрген қыздарға қатысты тақырып көтерілгенде көпшілік арасында жандана түседі. Бір қызығы, үйленбей жүрген жігіттердің де айтатыны «қыз жоқ». Бірақ біз бұл жерде сапасы емес, саны ғана туралы айтайық. Рас, тарихтан белгілі, бұрын соғыс, қуғын-сүргін салдарынан ер азаматтардың саны күрт төмендеді. Бірақ одан бері қанша уақыт өтті?! Денсаулық пен өлім-жітімге қатысты да «әйелдерден гөрі ерлердің өмір жасы қысқа болады» деп айтылып жүр. Ал осы пікірлер қаншалықты шындыққа жанасады? Нақты статистикаға жүгініп көрелік. 

Білуімізше, Ұлттық статистика бюросы еліміздің азаматтарына қатысты  отбасыларының бар-жоғы туралы есеп алмайды. Десе де 2021 жылғы соңғы халық санағындағы мәліметтерге сенсек,  елде үйленбеген ер адамдардың саны 1 959 771 болса, тұрмыс құрмаған әйел адамдардың саны 1 826 062, екеуінің айырмасы 133 709. Бұл жерде, тіпті,  некеге тұрмаған ер азаматтардың нәзік жандардан көбірек екенін көреміз. Ал орта жастан бастап басы бос ерлер азайып, керісінше жұбы жоқ әйелдер көбейе түседі екен. Әсіресе бұл жағдай 40 жастан асқандар арасында жиілей түседі.

-->

Бұл – өкінішке орай әлемнің көптеген елдерінде болып жатқан тенденция. Еуропа елдерінде үйлену жасы, тіпті, 40-қа жақындап қалды. Оларда неке қию кезеңі орта есеппен 35-37 жас екен. Біздің елде үйлену жасының орташа жасы әзірге аса ұлғая қойған жоқ. Ортақ көрсеткіш қыздарда 25-ті, жігіттерде 28 жасты көрсетіп отыр. Сондықтан да бізде әлі өсім бар. Егер әрі қарай отбасын құру жасы ұлғая беретін болса, бұл, әрине туу көрсеткішінің кемуіне әкеледі. Ал табиғи өсім болу үшін қыз бен жігіт 20-25 жас аралығында отау құрғандары жөн. Әсіресе, бұл қыз балалардың назарында болуы керек. Бірақ мәселе оның қашан тұрмыс құрғанында емес, болашақ ананың қанша баланы жоспарлағанында болып тұр. Дегенмен ерте үйленгендердің репродуктивті мүмкіндіктерінің молдығына байланысты баласы да көбірек болуы заңдылық қой. Ұлттық санақ нәтижелері бойынша, жастардың отбасын кейінге қалдыруына, біріншіден, жағдайын жақсартуға, мансабын көтеруге, өз-өзін дамытуға ұмтылысы себеп болып отыр. Екіншіден, бізде урбандалу процесі қарқынды жүріп жатыр. Бұл ауыл жастарының үлкен қалаларға, мегаполистерге қоныс аударуына әкелуде. Ал үлкен шаһарда керісінше адамдардың отбасын құруы - үлкен проблема. Урбанизация жастардың бір-бірін тауып, танысып, табысуына да кедергі. Қалаларда ауылдық жерлерге қарағанда үйлену жасының жоғары болуы да осыған байланысты. Тұңғышын дүниеге әкелуге, әсіресе, астаналықтар (27,3 жас) мен алматылықтар (27,6 жас) неғұрлым кейінге қалдыратыны белгілі болды, - дейді демограф Ш. Төлешова. 

Демографтың бұл ойын әлеуметтанушы Әсем Ибраимова әрі қарай жалғай түсті. Ол жастардың неке қиюға асықпауына ең үлкен әсер етуші фактор – бұл әлеуметтік жағдай екенін айтады. 

Қазіргі таңдағы нарықтық экономика адамдардың өз мүмкіншілдіктерін өз қолдарымен жасап алуға талап қойып отыр. Әлеуметтік теңсіздіктің де шығуы осыдан. Жастардың көбісі, әсіресе урбанизация ықпалына ұшыраған қала жастары материалдық игіліктерге қатты бейім келеді. Ал үйлену - оған қол жеткізуге кедергі болатын барьерлердің бірі. Оның үстіне қазіргі таңда материалдық құндылықтармен бірге постматериалдық құндылықтардың да шарықтап тұрған заманы деп айтсақ болады. Жас пен жынысқа қарамастан, жастардың түгел дерлігі өзін-өзі дамытумен, өзін-өзі танумен айналысуда. Оны ақпараттық бум кезеңінің салдары десек болады. Осы факторлардың барлығы жастардың үйлену шешімдерін артқа шегеруіне әсер етіп отыр, - дейді Ә. Ибраимова.

Сонымен қатар, әлеуметтанушының айтуынша, батыс мәдениетінің әсерінен қоғамда азаматтық некелер көбейіп келеді. Соның есебінен үйленбегендердің саны көп болып көрінеді. 

Соңғы уақытта қыздар арасында феминизммен қатар сексизм қатты дамып келеді. Ол ер адамның көмегіне не қолдауына принципиалды түрде сүйенбеу, олардың басымдығын жоққа шығарумен көрініс табады. Ер адамның істегенін әйел адам да істей алады дейтіндердің қарасы көбейді. Соның нәтижесінде, біз көріп отырғанымыздай, ер адамдар әйелдің тегін алып, балаларына нағашыларының тегі беріліп жатыр. Негізінде, бұл - батыстық тенденция. Оның пайда болуының да орынды себептері болды. Соның есебінен әйелдерге ер адамдардың көптеген жауапкершілігін өз мойындарына алуына тура келді.

Біздің қоғам еліктеуді қатты жақсы көреді. Негізі бар ма, жоқ па, ол жағы қызықтырмайды. Біреулер үйленбей не тұрмыс құрмай жүретін болса, соларға қарап «маған да жүре беруге болады екен» деген пайым жасайды, - дейді әлеуметтанушы. 

Соңғы кезде қалыңмал, сүтақы, той малы, өлі-тірі апару, ілу, сырға салу, тағысын-тағы толып жатқан жоралғыларға «мәһір» деген ұғым қосылды. Мешітте неке қию рәсімінде сұралатын мәһр де көп жігіттерге салмақ салып отырған сыңайлы. Кейбір қалыңдық шамадан артық қымбат көлік, пәтер сұраймын деп көпшіліктің сынына ілігіп жүр. Мешітте мәһрге қымбат көлік сұраған қалыңдығына қолын бір сілтеп тұра жөнелгендер де бар. Осы «Мәһр дегеніміз не, оны беру міндетті ме?» деген сауалдың жауабын дін қызметкерінен сұрап-білдік. 

Мәһір, яғни қалыңдық ақысы – әйел затының  неке қияр алдында күйеуінен талап етуге құқылы шариғат белгілеген ақысы. Бұл жақында пайда болған нәрсе емес, бұрыннан бар. Алла Тағала Құранда «Үйленентін әйелдеріңе мәһірлерін шын көңілдерінен тарту етіңдер» деген. Ханафи мәзһабында мәһір беру – уәжіп. Бірақ мәһір некенің негізгі шарттарына кірмейді. Шаңырақ құрып жатқан ер мен әйел мәһірді белгілемей неке қиса да, мәһірсіз үйленуге келіссе де неке дұрыс саналады. 

Неке қиып жатқан сәтте мәһрді атап өту – сүннет. Мәһрді неке уақытында және кешіктіріп беруге де, сонымен қатар бөліп төлеуге де рұқсат. Ханафи мәзһабы бойынша мәһр заттай не ақшалай берілуі керек. Арты дауға ұласпауы үшін заттың түрі, құны секілді ерекшеліктері нақтылануы тиіс.

Ал мәһрдің ең жоғарғы өлшеміне ешқандай шектеу қойылмаған. Әрі берілген мәһрді қандай жағдай болса да, «Мен берген едім, өзіме қайтар» деп айтуға болмайды. 

ҚМДБ Ғұламалар кеңесінде мәһрдің ең аз мөлшері 4,25 грамм алтынмен есептелетіні жайлы пәтуа қабылданды. Ал 100 мың теңге шамасында алтын әшекей бұйымдарын сатып әперуге әбден болады. Мәһрдің құны аталмыш мөлшерден төмен белгіленген жағдайда, оны сол мөлшерге толтыру керек ,- дейді  ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы.

Муфтият маманының айтуынша, қалыңдық мәһр сұрау кезінде жолдасының әлеуметтік жағдайын да ескергені дұрыс.   

Мәһрдің мөлшерін ер азаматтың материалдық мүмкіндігіне қарап, отбасының әлеуметтік жағдайын ескере отырып айтқан жөн. Өйткені мәһр күйеуді қарызға батыратындай көп немесе қыздың көңілін қалдыратындай аз болмауы керек, - деді діни басқарма өкілі. 