Әлеумет

БҚО-да су тасқынынан зардап шеккендер үшін тамыздың соңына дейін 90 үй салынады

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі су тасқынының зардаптарын жою мақсатында жұмысты жеделдету бойынша белсенді шаралар қабылдауда, деп хабарлады Elorda.info.

Қаратөбе ауданы Қоржын ауылында су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға арналған 90 үйдің құрылысы жүргізілуде.  Құрылыс барысын gov.kz порталы арқылы онлайн бақылауға болады.

Құрылыс жұмыстарын осы жылдың тамыз айында аяқтау жоспарлануда.  Сонымен қатар, 13 үйде жөндеу жұмыстары аяқталды.

-->

«Батыс Қазақстан облысында 3 332 нысанға техникалық зерттеу жүргізілген. Зерттеу нәтижелері бойынша 401 тұрғын үй салу, 1 497 үй сатып алу және 1 434 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған», - делінген Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің хабарламасында.