Бизнес және қауіпсіздік: Электрлі самокат туралы заң қаншалықты тиімді?
Елімізде 30 тамыздан бастап электрлі самокаттардың қозғалысына арналған заң күшіне енді. Заңнамаға сәйкес, электрлі самокаттың жүргізушісіне бірнеше талап қойылады. Осы орайда Elorda.info тілшісі заң жобасынажан-жақты зерттеу жүргізіп көрді.
Жаңа жобаға сәйкес, электрлі самокатты жолдың жүріс бөлігінің шеткі оң жақ жолағымен, нақтырақ айтсақ бір қатардағы автобус жолағымен жүргізуге рұқсат етілді. Ал жаяу жүргінші жолында электрлі самокаттың жылдамдығы сағатына 6 шақырымнан аспауы міндеттеліп отыр. Алайда осындай көлік түрін жалға беретін танымал Whoosh сервисінің баспасөз хатшысы Даниил Капцан бұл талаптар әлі де пысықтауды қажет деп есептейді.
Компания өкілінің сөзінше, жаңа заңмен енгізілген ережелердің көбі Whoosh қызметінің ішкі ережелерінде көрсетілген.
Даниил Капцан электрлі самокатқа қатысты мәселені бір ғана заңмен реттеу жеткіліксіз деп санайды.
фото: profit.kz
Қозғалыс туралы жаңа заң бойынша жолдың он жақ бөлігіне шыққан самокатшы 18 жаста болуы шарт. Сондай-ақ, бекітілетін дулыға мен жарық сәулесін түсіретін киім киюі және кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы тиіс. Бұл талапқа байланысты Whoosh компаниясы самокаттарды дулығамен жабдықтауды жоспарлап отыр.
Жаңа заңға қатысты «Право знать» телеграмм-каналының авторы Надежда Гельдттің пікірін білген едік. Заңгердің сөзінше, қозғалыс талаптарын қатаңдату кикшеринг қызметіне тікелей әсер етеді.
Ал елордалық тұрғын Ердәулет Баталов жаңа ережеге сәйкес жылдамдық шектеуін ешкім сақтамайды деп ойлайды.
Бүгінде электрлі самокаттар қоғам өміріне сіңісіп кетті. Қалада халық саны артқан сайын жаңа көлікке сұраныстың да көбейгені байқалады. Пайдасынан зияны көп болмас үшін электрлі самокаттарға байланысты заңнамада бизнес пен самокат пайдаланушылардың мүдделері тең болуы қажет. Енді оны қабылданып қойған заң тәжірибесі нақты көрсетеді.
-->Жаңа жобаға сәйкес, электрлі самокатты жолдың жүріс бөлігінің шеткі оң жақ жолағымен, нақтырақ айтсақ бір қатардағы автобус жолағымен жүргізуге рұқсат етілді. Ал жаяу жүргінші жолында электрлі самокаттың жылдамдығы сағатына 6 шақырымнан аспауы міндеттеліп отыр. Алайда осындай көлік түрін жалға беретін танымал Whoosh сервисінің баспасөз хатшысы Даниил Капцан бұл талаптар әлі де пысықтауды қажет деп есептейді.
Электрлі самокат кез келген басқа көлік сияқты заңды мәртебеге ие болуы керек. Дегенмен қолданыса енген бұл заң барлық азаматтардың мүдделеріне толық сәйкес келмейді деп есептейміз. Оның бірнеше даулы тұстары бар. Мысалы, жаңа заңға сәйкес, жаяу жүргінші жолында самокаттардың жылдамдығы 6 км/сағ аспауы керек. Бірақ мұндай жылдамдықта самокатта тепе-теңдікті сақтау өте қиын. Сонымен қатар велосипед жолдары болмаған кезде электрлі самокаттар пайдаланушыларды көлік жолының оң жақ шетімен жүруге міндеттейді.Ал бұл жүргізушілер үшін қауіпті. Осылайша, заң мамандар мен сарапшыларды, оның ішінде көлік саясаты жөніндегі бейінді ведомстволарды тарта отырып, пысықтауды қажет етеді,- дейді Даниил Капцан.
Компания өкілінің сөзінше, жаңа заңмен енгізілген ережелердің көбі Whoosh қызметінің ішкі ережелерінде көрсетілген.
Біздің ережелерімізге сәйкес, бір самокатпен екі адамға жүруге қатаң тыйым салынған. Сонымен қатар, баяу және тыйым салынған аймақтар бар. Жаяу жүргіншілер өткелдерінде самокаттан түсіп жаяу өту керек. Біз қызметті бұған дейін де тек ересектерге көрсетіп келгенбіз және солай қала береді. Сонымен қатар, Whoosh самокатымен сапарды тек қолданбада белгіленген арнайы нүктелерде бастауға және аяқтауға болады. Осылайша біз көшедегі тәртіпсіздікпен күресеміз. Жылдамдыққа келетін болсақ, техникалық тұрғыдан біздің самокаттың жылдамдығы 25 шақырымға шектелген. Ал жаяу жүргіншілер өткелдеріндегі жылдамдықты сағатына 6 шақырымнан аспауды пайдаланушылар дербес басқарады. Біз нақты орынды анықтай алмаймыз. Сол себепті шектеу енгізбейміз,- дейді ол.
Даниил Капцан электрлі самокатқа қатысты мәселені бір ғана заңмен реттеу жеткіліксіз деп санайды.
Біз заң бойынша ғана реттеу жеткіліксіз деп санаймыз. Қалалық инфрақұрылымды дамытып, веложолдар салу қажет. Дамыған инфрақұрылым жол қозғалысы кезінде әркімнің мүдделерін ескеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, самокатқа енгізілген компьютерлік көру технологиясын сынап жатырмыз. Компьютерлік көру модулі адамдар көп жиналатын жерлерде қозғалысты танып, пайдаланушыға жылдамдықтың төмендету туралы дабыл береді. Біз жаңа талаптар сапар құнына әсерін тигізбеуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысамыз,- дейді компания өкілі.
фото: profit.kz
Қозғалыс туралы жаңа заң бойынша жолдың он жақ бөлігіне шыққан самокатшы 18 жаста болуы шарт. Сондай-ақ, бекітілетін дулыға мен жарық сәулесін түсіретін киім киюі және кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы тиіс. Бұл талапқа байланысты Whoosh компаниясы самокаттарды дулығамен жабдықтауды жоспарлап отыр.
Жаңа заңға сәйкес самокатпен жолдың жүріс бөлігіне шыққан пайдаланушы дулыға киюге міндетті. Осыған байланысты біз Whoosh самокаттарын дулығалармен жабдықтаймыз. Астанада дулығасы бар алғашқы самокаттар осы маусымда пайда болады. 2024 жылғы маусымның басында қызмет паркінің шамамен 30 пайызы жабдықталады деп жоспарлануда. Бұл ретте, Астанада кем дегенде 15 пайызы жабдықталады. 2025 жылы электрлі самокатты 70-80 пайыз дулығамен қамту жоспарлануда,- дейді Даниил Капцан.
Жаңа заңға қатысты «Право знать» телеграмм-каналының авторы Надежда Гельдттің пікірін білген едік. Заңгердің сөзінше, қозғалыс талаптарын қатаңдату кикшеринг қызметіне тікелей әсер етеді.
Электрлі самокат қозғалысын реттеу идеясы ыңғайлы және қауіпсіз қалалық ортаны құру жолындағы маңызды қадам. Қауіпсіздікті арттыру мақсатында самокаттың қозғалысын реттеу үрдісін қолдаймын. Алайда, толыққанды реттеу тек заңның сақталуын қадағалайтын қызметтердің мониторингі мен жұмысын қамтамасыз етуді қажет етеді. Жаңа ережелерде көптеген даулы мәселелер бар. Мысалы, арнайы жолдардың аз болуы электрлісамокат жүргізушілерін көлік жолына шығуға мәжбүрлейді. Бұл жол апатын арттыруы мүмкін. Мысалы, осы бағытты дамыту үшін инвестициялар саны азаяды. Ал заң бойынша жазалау шаралары пайдаланушылар санын азайтуы мүмкін,- дейді Надежда Гельдт.
Ал елордалық тұрғын Ердәулет Баталов жаңа ережеге сәйкес жылдамдық шектеуін ешкім сақтамайды деп ойлайды.
Кейде электрлі самокатпен жолдың шетіне шыққанда көліктердің көбі сигнал береді. Менің ойымша, бұл қауіпті. Ал жаңа заңдағы сағатына 6 шақырым жүру талабын жаяу жүргіншілер болмаған кезде ешкім сақтамайды. Әрине, ыңғайсыз тротуарлар мен адам көп жүретін жолда жылдамдықты төмендету керек. Ол барлығымыздың қауіпсіздігіміз үшін ғой. Бірақ, елордада әдетте жаяу жүргіншілер жолы бос болады. Сағатына 20 шақырым жылдамдықпен жүруге болады деп ойлаймын,- деді қала тұрғыны.