Әлеумет

Биыл Жеңіс күніне орай әскери шеру өтпейді

Биыл елімізде 7 мамыр - Отан қорғаушы және 9 мамыр - Жеңіс күні мерекесіне орай әскери шеру өтпейтін болды, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Сондай-ақ Қорғаныс министрлігі әскери-патриоттық іс-шараларды жоспарлап, өткізіп жатқанын мәлімдеді.

7 және 9 мамыр мерекелеріне арналған іс-шаралар туралы ақпарат жақында министрліктің ресми сайтында жарияланады.

-->

Биыл елімізде 7 мамыр - Отан қорғаушы және 9 мамыр - Жеңіс күні мерекесіне орай әскери шеру өтпейтін болды, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында және басқа да міндеттерді шешу қажеттігіне байланысты биыл елімізде әскери шеру өтпейді. Жалпы алғанда қазіргі уақыттағы маңызды басымдық - Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығын талап етілетін деңгейде ұстап тұру, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Қорғаныс министрлігі әскери-патриоттық іс-шараларды жоспарлап, өткізіп жатқанын мәлімдеді.

Аталған шаралар ерекше көзге түскен әскери қызметшілерді құрметтеу, соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алу және олардың ерлігін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мақсатын көздейді, - дейді ведомстводан.

7 және 9 мамыр мерекелеріне арналған іс-шаралар туралы ақпарат жақында министрліктің ресми сайтында жарияланады.