Биыл жазда қант қымбаттай ма
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің қанттың қымбаттауына қатысты сұрағына жауап берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Министрдің сөзінше, биыл елімізде қант қызылшасы өндірісі екі есеге артқан.
«Біз биыл 128 мың тонна қант өндірдік. Оның шамамен 30-40 пайызы сатылды. Бүгінде қант қоймаларда бар және бізде жеткілікті. Бірақ баға бойынша, әрине, оны бақылауымыз керек. Ол үшін сауда және интеграция министрлігі мен ауыл шаруашылығы министрлігінің жұмыс топтары жұмыс істейді. Бұл мәселені бақылауда ұстаймыз. Зауыттардағы қанттың көтерме құны 350-380 теңгені құрайды. Алайда бағаны делдалдар көтереді»,- деді Айдарбек Сапаров.