Биыл елімізде 9 халықаралық әуебағыты ашылады
Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Министр биыл 18 жаңа маршрут ашу жоспарланғанын, оның 9-ы ашылғанын айтты.
Мына маршруттар жаңартылды:
Астана – Пекин («Эйр Астана»),
Алматы – Самарқанд («Fly Arystan»),
Астана – Баку («AZAL»),
Астана – Үрімші, Алматы – Сиань («China Southern Airlines»)
Мына маршруттар ашылды:
Алматы – Шарм-эль-Шейх («Air Cairo»),
Астана – Шарм-эль-Шейх («Air Cairo»-2, «Red Sea»-2),
Астана – Сиань – Пекин («Air China»),
Шымкент – Дели («Fly Arystan»).
-->
Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Халықаралық жолаушылар авиатасымалдарын дамыту үшін 2017 жылдан бастап «open sky» режимі енгізілді, нәтижесінде жыл сайын жаңа халықаралық маршруттар ашылуда. Бүгінде 27 елге 103 әуебағыты бойынша халықаралық тасымалдарды 3 отандық, 26 шетелдік авиакомпания орындайды, бұл пандемияға дейінгі көрсеткіштерден жоғары, - деді Марат Қарабаев.
Министр биыл 18 жаңа маршрут ашу жоспарланғанын, оның 9-ы ашылғанын айтты.
Мына маршруттар жаңартылды:
Астана – Пекин («Эйр Астана»),
Алматы – Самарқанд («Fly Arystan»),
Астана – Баку («AZAL»),
Астана – Үрімші, Алматы – Сиань («China Southern Airlines»)
Мына маршруттар ашылды:
Алматы – Шарм-эль-Шейх («Air Cairo»),
Астана – Шарм-эль-Шейх («Air Cairo»-2, «Red Sea»-2),
Астана – Сиань – Пекин («Air China»),
Шымкент – Дели («Fly Arystan»).
Жыл соңына дейін Доха, Куала-Лумпур, Анкара, Карачи, Лахор, Джидда, Маскат, Прага және Тель-Авивке тағы 9 жаңа халықаралық маршрут ашылады деп жоспарлап отырмыз. 2025 жылға дейін Мумбай, Гонконг, Вена, Токио, Сингапур, Нью-Йорк және басқа қалаларға рейстерді ашуды жоспарлап отырмыз, - деді ол.