Биыл елде 88 келі синтетикалық есірткі тәркіленді
Кейінгі 6 жылда балалар мен жасөспірімдер арасында психоактивті заттарға тәуелділік 17 есе артқан.Бұл туралы депутат Динара Шүкіжанова айтты. Ол Президент жанындағы Жастар кеңесінің рөліне тоқталды, деп хабарлады Elorda.info.
-->Кейінгі 6 жылда балалар мен жасөспірімдер арасында психоактивті заттарға тәуелділік 17 есе артқан.Бұл туралы депутат Динара Шүкіжанова айтты. Ол Президент жанындағы Жастар кеңесінің рөліне тоқталды, деп хабарлады Elorda.info.
Біз, «Республика» партиясының өкілдері мына мәселелерді қарастыруды ұсынамыз. Заңнаманы қатаңдату: жасырын есірткі зертханаларын ұйымдастырушылар үшін жауапкершілікті күшейту. Ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді пайдалану арқылы есірткінің заңсыз айналымын үгіттегендер үшін қылмыстық жауапкершілік қарастыру. Бұлтартпау шарасын уақытылы шығару мақсатында синтетикалық есірткінің сот сараптама өндірісінің мерзімін қысқарту,- деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Динара Шүкіжанова.