Биыл 16 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
1 қазандағы жағдай бойынша 16 408 этникалық қазақ тарихи Отанымен табысып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлады Elorda.info.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліменше, Қазақстанға келген қандастардың жартысы (53,7%) Өзбекстаннан, 19,3% – Қытайдан, 10,9% – Моңғолиядан, 7,7% – Ресейден, 6,3% – Түрікменстаннан және 2,1% басқа елдерден.
Осы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 61,2%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 30,3%-ды және зейнеткерлер 8,5%-ды құрайды.
Қоныстандыру өңірлерінде 2023 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 1 925 адамды құрады. 1 қазандағы жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 1 870 қандас қоныс аударды.
Айта кетейік, жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады – бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (241,5 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (51,7-ден 103,5 мың теңгеге дейін) мөлшерінде.
-->Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліменше, Қазақстанға келген қандастардың жартысы (53,7%) Өзбекстаннан, 19,3% – Қытайдан, 10,9% – Моңғолиядан, 7,7% – Ресейден, 6,3% – Түрікменстаннан және 2,1% басқа елдерден.
Осы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 61,2%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 30,3%-ды және зейнеткерлер 8,5%-ды құрайды.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 15,5%-ы жоғары білімді, 34,4%-ы орта кәсіби білімді, 41,5%-ы жалпы орта білімді, және 8,6% білім жоқ.
Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.
Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары, - делінген министрлік ақпаратында.