Биыл 13 мыңға жуық жұмыскердің құқығы қорғалды
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 12,7 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлады Elorda.info Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
1 маусымдағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары 481 кәсіпорынның 15,3 мың жұмыскердің алдында 2,8 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешегі барын анықтады.
-->
1 маусымдағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары 481 кәсіпорынның 15,3 мың жұмыскердің алдында 2,8 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешегі барын анықтады.
Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 570 нұсқама беріліп, 78,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 12,7 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 2,3 млрд теңге төленді, - деп жазды аталған ведомство.